СОТ ТАҒЫ ДА КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ...

Тіл жанашырларынан сескенген полиция сотқа тағы да келмей қалды... Бұған Қостанай облысы Ішкі  істер департаменті басшысы, генерал-майор Т.С. Маткенов не деп жауап береді?

Aktolkyn Бүгінгі 30.07.15 ж. Қостанай қаласындағы мамандырылған сотта Ақтолқын Жәнібекованың арызы бойынша қаралып жатқан Тіл мәселесі жөніндегі сотқа шақырылған айыпты жақ - Дәурен Досмаилов dosmailov-daulet 2 — копия бастаған МАИ қызметкерлері келмегендіктен сот сағат 15.00 мин. шегеріліпті. Сотқа келген телевидение "түстен кейін шаруаларымыз бар еді, келе алмайтын шығармыз" депті. Сотқа біраз тіл жанашырлары жиналса керек, МАИ қызметкерлері содан болар шошынып, жүректері шыдамай келе алмай жатқандары?.. Сонда қалай, Д.Досмаиловқа сот талабын тыңдамауға кім кеңес беріп отыр? Біз бұйрыққа бағынатын сержант  полиция басшыларынан солай нұсқау алып отыр деп ойлаймыз. Бұдан "Қостанайдың полициясы сотқа бағынбай ма?" деген заңды сұрақ туып тұр осы жерде... Қазақтың тіліне түкіріп тастағандары аздай, енді еліміздің сот жүйесіне қарсы шықса, бұл нағыз масқара болайын деп тұр-ау өзі, ә? Бұған Қостанай облысы Ішкі  істер департаменті басшысы, генерал-майор Т.С. Маткенов не деп жауап береді? Қуаныш Мұқтай, qazaquni.kz