Грант 2015 тізімінде 39 994 орын бар...
2015 ж. 18 шілде
8728
15
Грант 2015 тізімін күтіп жүргендердің шыдамсыздығы күшеюде. Өйткені, жылда ҰБТ қорытындысы 10-11 тамызға дейін белгілі болатын.
"Мемлекеттік тапсырыс бойынша биылғы жылы бөлінетін мемлекеттік білім гранты 39 994 орын. Оның ішінде бакалавриат – 32 168 грант, магистратура – 7 241 грант, докторантураға – 623 грант болып отыр. Бұрынғыдай биылда мемлекеттік гранттардың басым көпшілігі техникалық мамандықтарға беріледі. Техникалық мамандықтардың үлесі 42,4 пайызды құрап отыр”, – дейді Білім және ғылым вице-министрі Тақыр Балықбаев. Биылғы жылғы мемлекеттік гранттардың бөлінуінің тағы бір ерекшілігі - мемлекеттік гранттардың 75 пайызы қазақша мектеп бітіргендерге бөлінеді. “Биылғы жылдың мемлекеттің тапсырысындағы басты ерекшелік – гранттардың оқу тіліне байланысты болып отыр. Мемлекеттік гранттардың 75 пайызы қазақ бөліміне және 25 пайызы орыс бөліміне бөлінетін болады. Осы уақытқа дейін гранттар екі тілге шамалас пропорциямен бөлініп келді. Бірақ енді мектеп бітірушілердің үлесі бойынша, қазақ мектебін бітіргендер орыс мектебін бітіргендерден басым. Сондықтан осындай шешімге келдік”, – дейді ол. Айта кетейік, биылғы жылы 124 379 оқушы мектеп бітірді. Оның ішінде 84302 оқушы қазақ тілінде болса, орыс тілінде – 40077. Яғни қазақ тілінде бітірушілердің саны орыс мектептеріне қарағанда екі есеге көп. Ал ҰБТ-ға қатысуға 87782 өтініш берілген. Қазақ тілінде тест тапсырғандардың саны – 62384. Орыс тілінде тест тапсырғандар – 25 398 оқушы. Грант 2015 тізімін күтіп жүргендерде шыдамсыздану күшеюде. Өйткені жылда ҰБТ қорытындысы 10-11 тамызға дейін белгілі болатын. Ал биыл ол мезгілден бір апта асып кетсе де, әлі тізім жоқ. Біздің білуіміз бойынша ҰБТ 2015 тізімі таяуда, алдағы дүйсенбі күні шығады. qazaquni.kz