Сапарбаев Смағұловты Mega-центр емес, балабақша салуға шақырды
2015 ж. 07 шілде
2704
5
Қазақстанның вице-премьері Бердібек Сапарбаев Талдықорғандағы ауданаралық семинар барысында оңтүстік астананың белгілі кәсіпкерлерін, соның ішінде Astana Motors басшысы Нұрлан Смағұловты, сынға алды деп жазды «Время».
«Біз Смағұловтың қалай байығанын білеміз… Ол мемлекет үшін маңызды “Туған жерге тағзым” акциясына қатысуға тиістін! Елбасының тапсырмасын ұмытуға болмайды, қалай, кімнің арқасында миллиардер болғанын есіңде сақтауы қажет! Нұрлан Смағұлов әр жыл сайын Қазақстанның әр нүктесінде Mega-центрлар салып келеді, қазір Алматы мен Астанада тұрғызып жатыр. Біз оның қандай пайдаға кеңеліп жатқанын білеміз. Ал Алматыда балабақша мен мектептер жетіспейді. Сондықтан да балабақша салсың, немесе коттеждерінің бірін балабақшаға берсін!» — деп мәлімдеді вице-премьер. Жәутіков атындағы мектептің түлегі Нұрлан Смағұлов сондай үлкен мектепті неге өзінің туған қаласында салмайды…? Әйтпесе ол барлығын саудаға салып жатыр», — деп атап өтті Сапарбаев.
Оның айтуынша әрбір кәсіпкер өзің тәрбиелеген туған ауылына, мектебіне көмектесуге мүмкіндігі бар. Бұл азаматтық және адамгершілік борышы екенін еске салды.