Т.Әубәкіров киіктердің қырылуы себебін және ғарышкер А. Айымбетов туралы айтты
2015 ж. 27 маусым
6227
4
Кеңес Одағы кезінде Қазақстан аумағында жаппай қырып-жою қарулары, әскери зымырандар түрлері сән мәрте сыналды. Әсіресе, Бетпақдала мен Арал теңізіндегі Барсакелмес аралы ауданында сынақтар жүргізілді. Сол кезеңде де кеңестік әскер гептил отынын кең қолданған.

Сондай-ақ, Тоқтар Әубәкіров қыркүйекте ғарышқа аттанғалы жатқан қазақстандық ұшқыш Айдын Айымбетов туралы пікірін білдірді. Айтуынша, үміткер ғарышқа алғаш рет аттанғалы отырса да, Қазақстан Республикасы ғарышкері атағын алып үлгерген, астрономия ғылымдарын терең оқыған, әрі болашақ ғарышкерлерге дәріс беріп жүрген маман. “Тағы бір ерекшелігі Айдын Айымбетов – қазақ азаматтығы бар алғашқы ғарышкер. Бұл біздің отандық Ғарыш агенттігінің ең үлкен жетістігі дер едім”, – дейді Тоқтар Әубәкіров."Менің айтарым, Қазақстанның Бетпақдаласында гептил қалдықтары өте көп. Киіктердің жаппай қырылу себебі осыдан болуы мүмкін..."
Киіктердің жаппай қырылу себебі осыдан болуы мүмкін. Кезінде қазақ жерінде түрлі сынақтар өтті. Барлығы да соның жаңғырығы дер едім“Алдымен бұл Қазақстан Ғарыш агенттігінің жеңісі. Олар өздерінің позициясын ұстанып, жақсы жұмыс тындыра білді. Әрине, ағылшын туристінің ұшудан бас тартқаны да бізге тиімді болды. Құдай қаласа, Айдын Айымбетов осы қыркүйекте ғарышқа аттанады. Бұл үлкен жетістік. Ол өзі білікті маман. Бұл сапарға ол бұрыннан әзір болатын. Кезінде ғарышкерлер командасына Айдын мен Мұхтар Аймаханов іріктелген еді. Қазір Мұхтар ресейлік ғарышкерлер қатарында өз кезегін күтіп отыр. Ал Айдын, мен және Талғаттың жолын қуып, қазақ азаматтығы бар алғашқы ғарышкер атанғалы отыр”, – деді Тоқтар Әубәкіров.
Дереккөз: Астана телеарнасы