Қазыбек Иса. МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕ СЕРІКТЕСТІК - МЕМЛЕКЕТ ҚАРЖЫСЫН ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ СЕРІКТЕСТІГІ МЕ?!.
2021 ж. 31 наурыз
1767
2
80 МЕКТЕП КІМДЕРДІҢ ҚАЛТАСЫНДА КЕТПЕКШІ?!.
ҚОҚЫСТАН МИЛЛИАРД ЖАСАУШЫЛАР КІМДЕР?!.

ҚОҚЫСТАН МИЛЛИАРД ЖАСАУШЫЛАР КІМДЕР?!.
Бұл аз болса, тағы бір мысал: "Семей қаласында МЖС желісі бойынша ЕҚДБ қаржыландыруы арқылы 6,8 млрд. теңгеге қоқыс өңдеу полигонын (ҚТҚ) салу жоспарлануда. Ал дәл осындай полигонның сметалық құны Батыс Қазақстан облысында 200 млн. теңге болған. Яғни, Семейдің қоқыс полигоны тіпті 4 емес, 34 есе қымбат тұрады!! Осы сала мамандарының есептеуінше, әр түрлі аудандар мен технологияларды ескерген күннің өзінде де , жобаның құны 11 есеге артық"-дейді ақжолдық депутат. Сонда Семейдегі қоқыстан миллиард жасаушылар кімдер? Әлеуметтік желілерде Семей қаласы әкімдігі жанындағы «Келешек» мемлекеттік кәсіпорнының басшысы Мақсұт Нығметовтың хаты пайда болды. Онда ол батылдық танытып, әкімдік шенеуніктерінің қысымына қарамастан, банкіге бұл жобаны жасаудан бас тартатынын хабарлайды. Ол бұндай қадамы үшін тез арада жұмыстан шығарылатынына қарамастан, әкімдіктің ЕҚДБ-мен сценарийі бойынша тарифтердің 15 есе өсуіне әкелетін келісімге қол қоюдан түбегейлі бас тартатынын жазады! Коммуналдық кәсіпорын басшысы тарифтердің жоспарлы түрде тым тез өсуінің себебін полигон құрылысына арналған сыбайлас жемқорлық сметаларының бірнеше есе артуымен тікелей байланыстырады. Бұл біздің шенеуніктердің сыртқы қарыздарды өте күмәнді мақсаттарда қалай пайдаланатындығының айқын мысалы. Бұл несиелер үшін ақыр соңында қарапайым азаматтар қалтасынан күйеді . Шын мәнінде, мұндай қарыздар ешқандай да "инвестиция" емес, халықтың ақшасын біреулердің жеке қалтасына салып беру құралына айналуда. Жеке біреулерді байлыққа батырып, ал әкімдікті қарызға батыратын, ақырында ол миллиардтарды сіз бен біз, қарапайым халық төлейтін сыртқы қарыздардың сыры міне, осындай, халайық! Сонда біздің "МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕ СЕРІКТЕСТІК" - МЕМЛЕКЕТ ҚАРЖЫСЫН ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ СЕРІКТЕСТІГІ МЕ? Кеше ғана үкіметіміз ЕҚДБ-мен серіктестік туралы 2025 жылдың соңына дейінгі мерзімге кезекті кеңейтілген негіздемелік келісімге тағы қол қойғаны да көңіл аударарлық жәйт... Шетелден тартылатын инвестициялар және олар бойынша жобаларды іске асыру біздің мемлекеттік мүдделерімізге және бірінші кезекте жалпы қоғамның мүдделеріне жауап беруі тиіс деп санаймыз. Сондықтан «Ақ жол» партиясының депутаттық фракциясы: 1) Тарифтердің тұрақтылығы және бұл жүктемені Қазақстан азаматтарына салмау тұрғысынан МЖС шеңберінде сыртқы қарыз алу тәсілдерін қайта қарау; 2) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің назарын көрсетілген мысалдарға аудару (Семей қаласынан кәсіпорын басшысының хаты қоса берілген). 3) Әлеуметтік желілерде жарияланғандай, «Келешек» кәсіпорнының басшысы Мақсұт Нығметов тиімсіз шартқа қол қоюдан бас тартқаннан кейін оны полиция қызметкерлері әкімдік залынан алып кеткен. Осыған байланысты, адал адамды шенеуніктердің қудалауынан қорғауды талап етеді. Қалтасын қалыңдатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы болғандардың денсаулығына күмән келтіретін қазіргідей жағдайға жеткен заманда Мақсұт Нығметов секілді жеке басының жағдайынан ел жағдайын, мемлекет мүддесін жоғары қоятын ерлеріміз көбейе беруі үшін біз оларды қолдап, қорғауымыз керек! Қазыбек ИСА, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты