Тоқаев Түркі инвестициялық қорын құрудың маңызы туралы айтты
2021 ж. 12 наурыз
2009
0
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа Кеңес жұмысының басты бағыттары және оның алдағы даму перспективалары туралы баяндалды.
Атап айтқанда, Бағдат Әміреев Мемлекет басшысына ұйымның алдағы уақытта өткізетін жоғары деңгейдегі іс-шараларына дайындық барысы, Түркі кеңесінің мәртебесін толыққанды халықаралық ұйым деңгейіне дейін көтеру жөніндегі жұмыстар, сондай-ақ, Кеңес қызметінің экономикалық және инвестициялық салалардағы маңызды бағыттары жайында айтты.
Президент Кеңестің түркітілдес мемлекеттер арасындағы интергацияны нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалап, оның экономикалық бағыттағы жұмысын күшейте түсуге мән берді. Осы ретте Мемлекет басшысы Түркі инвестициялық қорын құрудың маңызды екенін атап өтті. Бұл Кеңеске мүше елдердің шағын және орта бизнес өкілдері арасындағы ықпалдастықты дамытуға септігін тигізеді.