Білім сапасы төмен жоғары оқу орындары тағы да жабылады – Асхат Аймағамбетов
2021 ж. 02 ақпан
2033
0
Кадрларды даярлауға арналған гранттар сұранысқа ие бағыттарға ғана бөлінеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды "Қазақ үні".
«Жоғары білім беруде кадрларды даярлауға арналған гранттар сұранысқа ие бағыттарға ғана бөлініп, кәсіптік бағдарлау жұмысы күшейтіледі. Кәсіптік стандарттар мен атлас негізінде жаңа бағдарламаларды әзірлейміз. Сонымен қатар заң талабын бұзған және сыбайлас жемқорлық үшін лицензиядан айыруға дейінгі жауапкершілікті нормативтік-құқықтарға бекітуге дайындадық. Мемлекеттік бақылау жөніндегі заңнамаға лицензиялау және тексеру тәртібін өзгерту, лицензияларды қайтарып алу рәсімі бойынша нормаларға өзгерістер енгіземіз. Білім сапасы төмен жоғары оқу орындарын жабуды ары қарай жалғастырамыз», – деді Асхат Аймағамбетов.
Қазақстанда бұған дейін 25 жоғары оқу орны лицензиясынан айырылды.