Қуат Хамитов: Мұнайымыз болғанмен Арабтар емес, Африкалықтар сияқты өмір сүреміз
2021 ж. 27 қаңтар
2805
0
Танымал спортшы Қуат Хамитов Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың қатаң карантин режимі енгізілуі мүмкін деген болжамына сын айтты, - деп жазды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.
Бұл туралы жекпе-жек шебері өзінің Instagram парақшасында жазды.
... Біздің шенеуніктерге таң қаламын, егер, расында осындай болжағыш қасиеттеріңіз болса, әлі жоқ науқастар санына дейін біліп, статистикасын келтіріп, оның салдарына дейін бажайлай алатын мықты екенсіздер, онда алдағы бес жылға болжам жасап беріңіздерші, өтініш! Мен халқымның АРАБТАР сияқты өмір сүргенін қалаймын! 20 жылдан кейін емес, бүгін, қазір ... Біздің олардан қай жеріміз кем, оларға қарағанда мұнай бізде көп, одан бөлек алтын, газ, уран және басқасы тағы бар... Бірақ, неге екенін, Африканың халқы секілді өмір сүреміз, осыған не деп жауап бересіздер, болжамгер мырзалар?! Біз қашан қарапайым адамдарды алған біліміне сай жұмыспен қамтамасыз ете бастаймыз? Біздің балалар қашан тегін білім алатын болады? Біздің ағалар-көкелер және олардың бала-шағасы шетелде емес, біздің ауруханаларда қашан емделіп, баласын босанады? Болжамгер мырзалар, неге осындай нәрселерді сөз етпейсіздер? Карантиндеріңізбен өз адамдарыңызды және олардың бизнесін өлтіріп жатырсыздар! Батысқа немесе Шығысқа жалтақтамай, қашан нағыз тәуелсіз ел сияқты әрекет етуге батылдарыңыз жетеді? Халықты ойлайтын уақыт келді, уақыт келді! - деп жазды Хамитов.
Айта кетейік, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі коронавирусқа қатысты болжамын айтқан болатын.
Жүзеге асырылып жатқан шараларды сақтай отырып, 2021 жылдың соңына дейін эпидемиологиялық жағдайдың дамуы туралы болжам жасалды. Наурыз айының соңында індет өршуі мүмкін. Позитивтік сценарий бойынша наурыз айының соңында тәулігіне 3 мың науқас тіркелуі мүмкін. Пессимистік сценарий бойынша тәулігіне 9 мың адам тіркелуі мүмкін. Шамадан тыс жүктемені болдырмау үшін қатаң карантин енгізілуі мүмкін, - деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.