100 жылда болмаған аса ауыр дағдарысқа тап болдық – БҰҰ бас хатшысы
2021 ж. 26 қаңтар
1061
0
Біріккен Ұлттар Ұйымның Бас хатшысы Антонио Гутерреш коронавирус салдарынан әлем соңғы 100 жылда болмаған аса ауыр дағдарысқа тап болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бас хатшы қазіргі әлемді бір-ақ сөзбен сипаттап берді. Ол – нәзіктік.
"Екі миллионнан астам адам қайтыс болды. Біз болсақ, соңғы жүз жылда болмаған аса ауыр дағдарысқа тап болдық", – деді Гутерреш "Давосстың күн тәртібі" шарасында.
Оның айтуынша, пандемия адамдар мен мемлекеттер арасындағы теңсіздік пен тағы басқа да проблемалардың шешілмей жатқанын анық көрсетті. Ал "табиғатқа қарсы соғыстардан" кейін табиғаттың адамзатқа жауап қайырып отырғанын байқауға болады. Гутерреш әлем елдерін ынтамақтастық диалогын бастауға үндеді.
"Үкіметтер, халықаралық ұйымдар, жеке сектор мен азаматтық қоғам, қалалар бірлесіп жұмыс істеуі керек. 2021 жылда пандемиядан кейінгі қалпына келу кезінде әлем үшін нәзіктіктен тұрақтылыққа өтуге зор мүмкіндік бар", – деді ол.