Тоқаев атышулы заңға қатысты пікір білдірді
2021 ж. 22 қаңтар
2121
2

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халық наразылығын тудырған «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.
«Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы қоғамда қызу талқыға түсуде. Бұл – орынды. Өзекті мәселелер кеңінен талқылануға тиіс. Оның нормаларын мұқият қарап, барлық пікірлерді ескерген жөн. Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.