Димаш АҚШ президентін ұлықтау салтанатында қазақтың халық әнін орындады
2021 ж. 18 қаңтар
2134
0

Димаш Құдайберген АҚШ президентін ұлықтау салтанатында өнер көрсетті, деп хабарлайды zakon.kz.
Концерт Қазақстан уақытымен 17 қаңтардан 18-не қараған түні өтті, оны арнайы интернет-сайттан көруге болады.
Мен оның қазақ әнін орындайтынын іштей білдім. Көрермендер Самалтаудан керемет әсер алды дегенге сенімдімін, - деп жазды Нью-Йорк тұрғыны, Димаштың жанкүйері Нелли Нұрғалиева.