Мемлекет басшысы 15 қаңтарда Үндеу жасайды
2021 ж. 10 қаңтар
1380
0
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қаңтарда Парламентте сөз сөйлейтіні туралы айтты, деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.
"Реформаларды дайындап жатырмыз. Реформалар жалғасын табуы керек. 15 қаңтарда мен мәжілістің жаңа құрамының алдында Парламентте сөз сөйлеймін. Содан кейін ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы болады. Ол жақта реформа мәселелерін талқылайтын боламыз", - деді Тоқаев.