АЛАШ АРЫСТАРЫНА ЕСКЕРТКІШ АШЫЛДЫ (фото, видео)
2020 ж. 12 желтоқсан
6425
0
Осыдан 103 жыл бұрын, 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Алашорда үкіметі құрылған еді. Бүгін Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында Алаш арыстарына арналған ескерткіш ашылды.
Иә, кешеге дейін бұл жерде Калининнің ескерткіші тұрған болатын. "Желтоқсан ақиқаты" қозғалысы төрағасы Бейсенғазы Сәдуұлының бастамасымен, "Ақ жол" демократиялық партиясының қолдауымен енді бұл жерде "Алашорда. Тәуелсіздік күрескерлері Алаш арыстарына тағзым мемориал ескерткіші асқақтап тұратын болады.
Ескерткіштің ашылуында "Ақ жол" партиясы төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев, қоғам қайраткері, жазушы Бейбіт Қойшыбаев, ескерткіш ашылуының бастамашысы Бейсенғазы Сәдуұлы және тб сөйледі.
Жиынға "Ақ жол" партиясы төрағасы орынбасары, ақын Қазыбек Иса, партияның Алматы қаласы мен Алматы облысы филиалдары басшылары Қуандық Бискултанов пен Мейраш Шынәсілова және партия белсенділері мен қоғамдық ұйымдар өкілдері, жергілікті тұрғындар қатысты.
Талғарлық тіл жанашыры Қамнұр Тәлімұлы Алаш арыстарының рухына құран бағыштады.
Қазақ Елі Тәуелсіздігі жолында құрбан болған Алаш арыстарына мәңгілік тағзым!