Тоқаев Түркістан облысына не үшін барғаны белгілі болды
2020 ж. 20 тамыз
2259
0
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Тоқаев сапар барысында Мақтаарал ауданына барып, Сардоба су қоймасында болған апаттың салдарын жою жұмыстарымен, зардап шеккен азаматтар үшін салынған тұрғын үйлердің құрылысымен танысып, тұрғындармен кездеседі.
"Бұдан кейін Арыс қаласына барады. Онда былтыр жарылыс болған әскери бөлімді қайта қалпына келтіру жұмысымен танысып, тұрғындар үшін жаңадан салынған және жөнделген үйлерді, қайта қалпына келтірілген теміржол вокзалын аралап көреді", - деп жазды Уәли Facebook парақшасында.
Қазақстан президенті жұмыс сапарының соңында Түркістан қаласына барып, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі жөндеу жұмыстарын көріп, "Сапар орталығының" қызметімен танысып, жаңадан салынған "Жібек жолы" саябағын аралайды.