ҚАЗАҚ АСТАНАСЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ҚЫЗМЕТ ЖОҚ!?!

Астанамыз "НҰР-СҰЛТАН" қаласы РЕСЕЙДІҢ ГУБЕРНИЯСЫ МА ӘЛІ?!

Елордадағы # 8 емхана мейірбикесі мен меңгерушісі Людмила Павловна қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап еткен 1-ші топтағы мүгедек Байтас Баяхметұлын заңсыз тілдік дискриминацияға ұшыратты. "Қайда барсаң, онда бар, ешкім саған ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТПЕЙДІ!"-дейді. Мемлекеттік тілді талап еткені үшін... полиция шақырып, ол заңды білмейтін сауатсыз полицей заңды талап еткені үшін Байтас Баяхметұлына кешірім сұратып, сыртқа шығарып жіберген?!.

Сонда  Тәуелсіздік алғанына 30 жыл болған ҚАЗАҚСТАН астанасы "НҰР-СҰЛТАН" қаласы әлі РЕСЕЙДІҢ ГУБЕРНИЯСЫ МА?!

Мұндай Қазақстан астанасында Қазақстан Конституциясы мен Тілдер туралы заңын қорлаған #8 емхана қызметкерлері мен заңды қорғау орнына қорлаған сауатсыз полицей үшін кім жауап береді? 1.Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгінов? 2.Денсаулық министрі Алексей Цой? 3. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев? Жауап беріңіздер, мырзалар! Еске сала кетейік, осыдан екі жыл бұрын әлеуметтік желіде Астана қаласындағы №2 ауруханада қазақ тіліне қатысты болған жағдай қызу талқыланған еді. Бұл туралы алғашқы болып мәселе көтерген «Қазақ үні» ақпарат агенттігі «СҰМДЫҚ!!! Ресей тілін білмеген адам Астана ауруханасында өлуі керек пе?" атты мақала жариялаған болатын. Аталмыш мақаланы аз уақытта 15 мыңнан астам оқырман оқып, қоғамда үлкен резонанс тудырды. Қоғам белсендісі Мұқағали Балқыбайға мемлекеттік тілде қызмет көрсетуден бас тартқан аурухана қызметкері мен бас дәрігер іске заңгерлер араласқан соң кешірім сұраған болатын. Енді міне, тағы да емханада тіл мәселесі көтерілді. Осыған қарағанда астананың барлық мемлекеттік мекемелер мен көпшілікке қызмет ететін сауда, тб нүктелерге қоғамдық рейд жасамаса болмай барады. Мемлекеттік тиісті орындар жұмыс істемегенде, қоғамдық белсенділік оянатыны табиғи жәйт. Қазыбек ИСА, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңес мүшесі