Елімізде карантин тағы 2 аптаға созылады - Президент
2020 ж. 14 шілде
984
0
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатаң карантин режимі тағы екі аптаға созылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақ үні".
«Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады. Ертең Үкіметтік комиссия шешім қабылдайды. Азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы - өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет» деп жазды Twitter парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаев.