
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев коронавируске сынама тапсырып,ол оң нәтиже көрсеткен.
Бұл туралы "Қазақ үні" хабарлайды.
«Қазіргі кезде Қазақстанның Тұңғыш Президенті өзін-өзі оқшаулады. Өкінішке қарай, Елбасының коронавирус инфекциясына тапсырған соңғы сынамасы оң нәтиже көрсетті. Алайда, алаңдауға негіз жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев қашықтан жұмыс істеуді жалғастыруда», - делінген Елбасының ресми сайтында.
Сондай-ақ бұл туралы Twitter-дегі парақшасында Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жазды.
Елбасының тезірек сауығып кетуін тілейміз.