Көрнекті кинорежиссер, жазушы Сатыбалды Нарымбетов МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ ҚОЛДАП, ҚОЛ ҚОЙДЫ!
2020 ж. 17 маусым
1755
0
Сатыбалды НАРЫМБЕТОВ Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері. Елімізге ғана емес шетелдерге де белгілі "Жас аккердеонистің өмірбаяны", "Көзімнің қарасы", "Ләйланың дұғасы", "Мұстафа Шоқай", "Аманат" фильмдерінің режиссері. "Аманат" фильмі Кенесары ханды қаһарлы кезеңде ақтаған ерлігі үшін ғалым Ермұқан Бекмахановтың ауыр тағдыры жайлы шебер түсірілген көркем дүние. Халықаралық Жорж Садуль атындағы сыйлықтың және көптеген жүлделердің иегері.
Конституциядан 7-ші баптың 2-ші тармағын алып тастап, Мемлекеттік тіл туралы заңды талап етіп, 121 мыңнан астам қол қойылған "Қазақ үні" сайтындағы Ашық хатқа көптеген Ұлт зиялылары қол қойғаны белгілі.
Қазақ Елінің нағыз зиялысы ретінде Ұлттық мүддемізді қорғауда Ұлт қайраткерлерінің алдыңғы қатарында болып, Азаматтық көрсеткен
Сатыбалды НАРЫМБЕТОВ
ағамызға Алғысымыз шексіз, құдай қуат берсін!..
ҚАЗАҚ ТІЛІ АЗАТ ТІЛ БОЛУЫ ҮШІН ҚОЛ ҚОЙҒАН ӘР АЗАМАТҚА ЗОР ТАҒЗЫМ!
Ал, СІЗ НЕШІНШІ БОЛЫП ҚОЛ ҚОЙДЫҢЫЗ?!.
ҚОЛ ҚОЮ СІЛТЕМЕСІ:
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТУРАЛЫ заңды қолдап, ҚОЛ ҚОЮ ҮШІН "Қазақ үні" сайтының сілтемесіне өтесіздер:
https://qazaquni.kz/2018/09/05/65363.htm