"ҚАЗАҚ ҮНІ" сайтына ШАБУЫЛ КҮШЕЮДЕ!
2020 ж. 25 сәуір
1707
0
Бірақ, ХАЛЫҚ ҚАЛАУЫН ЕШКІМ ТОҚТАТА АЛМАЙДЫ!
"ҚАЗАҚ ҮНІ" сайтындағы ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚОЛДАУ ХАТЫНА ШАБУЫЛ КҮШЕЮДЕ!
"Қазақ үні" сайтындағы Қазақ тілін қолдаған Ашық хатқа Спам-шабуыл тоқтар емес! Біздің қол қою функциясында бір адамның мәліметі (аты,тегі, қызметі) бірдей болып, қайта жазылмайды. Сондықтан бір адамды бірнеше рет қайталау, белгілі адамдарды қылжақтап жазып қою, қайтыс болған тұлғалардың атын жазып жіберу әрекеттері арнайы программамен спам-шабуылдар арқылы жасалуда.
Осындай хакерлік шабуылдар Қол қоюға қаншама зиянын тигізуде!!!
Программистер ешқандай қайталау қалдырмай тазартып жатыр!
Қадірлі Тіл күрескерлері!
Сіздерден сұрайтынымыз, Ашық хатқа қол қойғанда бір адамның екінші рет жазылып кетуіне жол бермеңіздер!
Егер бір адамның екінші рет қайталануын немесе сенімсіз қол қоюды байқасаңыздар, бізге хабарлаңыздар!
ҚАСКҮНЕМДІККЕ ҚАРСЫ ҚОЛ ҚОЮ ҚАРҚЫНЫМЫЗДЫ ҚАЙТА КҮШЕЙТЕ БЕРЕЙІК, ҚАЙСАР ТІЛ КҮРЕСКЕРЛЕРІ!
ХАЛЫҚ ҚАЛАУЫН ЕШКІМ ТОҚТАТА АЛМАЙДЫ!
ҚАЗАҚ ТІЛІ АЗАТ ТІЛ БОЛУЫ ҮШІН ҚОЛ ҚОЙҒАН ӘР АЗАМАТҚА ЗОР ТАҒЗЫМ!
СІЗ НЕШІНШІ БОЛЫП ҚОЛ ҚОЙДЫҢЫЗ?!.
Құрметпен, Қазыбек ИСА.
Қол қою СІЛТЕМЕСІ:
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТУРАЛЫ заңды қолдап, ҚОЛ ҚОЮ ҮШІН "Қазақ үні" сайтының сілтемесіне өтесіздер:
https://qazaquni.kz/2018/09/05/65363.html
https://www.facebook.com/100001908576595/posts/3746880478718868/?d=n