Covid-19: "Қазақ үні" сайтынан толық статистикалық мәліметтерді біле аласыз

Короновирусқа шалдыққан азаматтар саны, жазылып шыққандар мен көз жұмғандар туралы толық статистикалық ақпаратты енді "Қазақ үні" ақпарат агенттігі арқылы бақылап, біліп отыра аласыз.

Порталда арнайы Covid-19 айдары ашылды. Жарты сағат сайын статистикалық мәліметтер жаңартылып отырады.

Еске сала кетейік, соңғы мәлімет бойынша Қазақстанда 2070 адам коронавирус дертіне шалдыққан. Оның 515-і жазылып шықса, 19 адам көз жұмды.

Елімізде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты "Қазақ үні" ақпарат агенттігі барлық халықты карантин режимін сақтауға шақырады.