АЙЛЫҚ АЛСА ДА 42500 ТЕҢГЕ АЛҒАНДАР СОТТАЛА МА?!.

Халық 42500 теңге алуға еріккеннен өтініш беріп отырған жоқ - министр

Төтенше жағдай кезінде әлеуметтік жәрдемақы ретінде тағайындалатын 42500 тенгеге өтініш бергендердің қатарында жұмыс істеп, айлық алып отырғандар да бар. Ондай азаматтар жауапқа тартыла ма? Бұл сауалға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жауап берді,- деп хабарлайды "Қазақ үні". - Мен брифингтерімде, жазбаларымда айтқандай, өздеріңіз үшін - “мен жұмыс, тіршілік жасап (ресми, бейресми), ақша тауып жүр едім, енді төтенше жағдайға қатысты сол табыстан айырылдым” деп шештіңіздер ме? Кейін, мен ескерткендей, өтініш бергенде порталда төмендегі жазбаны тағы да оқып, растап, сөйтіп барып өтінішті жібердіңіз бе? Ондай болса, сіз айттыңыз, біз сендік. Сіз алдаған жоқсыз. Біз тағайындадық, төледік. Сол үшін кінәлайды деп еш уайымдамаңыздар. Дәл мен айтқандай жасаған болсаңыздар, біздің тарапымыздан үйді аралап ешкім тексермейді, деп жазды министр фейсбук парақшасында. Сонымен қатар, министр ешкім де жауапқа тартылмайтынын айтты. - Халық 42500-ге өтініштерін еріккеннен беріп отырған жоқ. Төтенше жағдай болмасада басым халықтың табысы аз. Жалақы төмен, зейнетақы, жәрдемақы көп емес. Сондықтан біз қарапайым таза халықты артынша тексеріп жатпаймыз,  деп жазды министр.