Қазақстанда коронавирустан бір әйел көз жұмды
2020 ж. 26 наурыз
5254
0
Қазақстанда коронавирус инфекциясынан бір әйел қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Өкінішке қарай бүгін коронавирустен науқас бір әйел қайтыс болды. Бұл орны толмас ауыр қаза. Марқұмның жақындарына көңіл айтамыз», - деді Дәурен Абаев «Хабар 24» арнасында онлайн режімде өткен баспасөз мәслихатында.