Құлбек Ергөбек: Ұлтты ұлт қылатын, елді - Ел қылатын Қанапиялар!
2020 ж. 06 наурыз
3174
0
Ермек ағамызды біраз ұрсып алдық-ау, шамасы. Ол бір тағдыр! Енді Ермек Серкебаевққа қарама-қарсы екінші бір тағдыр иесін талдап көрелік. Ол - Қанапия Телжанов!
Атақты суретші, жиырманшы жылдары Санкт Петербургте оқыған. Сол зиялы қалада университетте оқыған, оқып жүріп қазақ студенттері жерлестік қоғамын құрған, 1937 жылы "халық жауы" аталып атылып кететін, Темірболат Телжановтың баласы! Өнер Академиясының қазақтан жалғыз корреспондент мүше! Айтулы дарын! 1987 жылғы дүрбелең уақытында 60 жасқа толды. "С.Қ." да істеймін. Былайда білемін. Араласым бар. Ленин орденіне ұсыеылды. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын бұзақы, нашақор жастар әрекеті деп қара-ала шұбар текст дайындалған. Атақты өнерпаздар шетінен қол қойып келеді... Кезек Қанапия ағаға келіп жетті... Мадақ сөздер айтылды. Қол қою сұралды. Орталық Комитет өтініші!
Аяулы әкенің ауыр тағдыры есіне түсті ме, әлде қанында ұлттық түйіршіктер мықты болып тұр ма?! Әйтеуір, айтулы шебер күйелеш хатқа қол қоюдан үзілді-кесілді бас тартты!
Ұсынылған Ленин ордені көзден бұлбұл ұшты. Оған да қыңбады Қанапия! "Жастар біздің келешегіміз. Өз келешегімнің тағдырын өзім кеспеймін! Қасқая тұрып Қанапияның айтқан сөзі! Сөзі өзі! Сөзі ұстанымы!
Бұл да бір тағдыр! Зиялы тағдыр! Қымбат тағдыр!
Бүгінгі ұрпақ үшін қайсысы өнегелі? Біздің бүгінгі зиялылар арасында Ермектер көп пе? Әлде Қанапиялар көп пе? Ұлтты ұлт қылатын, елді - Ел қылатын Қанапиялар!
Қазақ зиялылары басынан нендей қиындық өтпеді? Сабақ ала алдық па?
Эй, дәруіш дүние!
Құлбек Ергөбек,
Фейсбук парақшасынан