ҚР Президенті: Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік жиын мен концерт өтпейді
2020 ж. 03 наурыз
1559
0

Халықаралық әйелдер күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланған салтанатты жиын мен мерекелік концертті өткізбеу жөнінде шешім қабылдадым.
Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев twitter парақшасында жазды.
«Халықаралық әйелдер күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланған салтанатты жиын мен мерекелік концертті өткізбеу жөнінде шешім қабылдадым. Бұл әлемде коронавирустың таралуына байланысты қауіпсіздік шарасы үшін жасалып отыр. Ардақты аналар мен аруларға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін», - деді Тоқаев.