Абзал Құспан: Әділ сот Үкімі бұл жерде тек біреу, ол – АҚТАУ ҮКІМІ ғана болмақ!
2020 ж. 05 ақпан
4200
0
Сонда Қазақстанда да СОТ ӘДІЛДІГІ деген ұғым бар екенін бір дәлелдейсіз!
«Сот пен заңның алдында жұрттың бәрі тең»!
Қазақстан Республикасы Конституциясының 14 бабы
Адвокат А.Т.Құспанның И.Әбішевтың және С.Түкиевтың мүдделерінде
Қ О Р Ғ АУ С Ө З І
Құрметті сот! Кіріспе ретінде; пара алуға оқталу. Ол не айып? Адам параны алады немесе алмайды. Ал параны алуға оқталғаны үшін, яғни пара алғысы келгені үшін соттау, ол ақылға сыймайтын іс. Оның үстіне біздің қорғауымыздағы И.Әбішевтің де, С.Түкиевтың де әрекеттерінде, әрекеттері тұрмақ сөздерінде «Қазбайлық» ЖШС-нен Шаймерденов арқылы ақшаны «қорқытып талап ету» (айыпта жазылғандай) түгілі, ақша сұрау белгісі де жоқ. Соған қарамастан, прокурор тағылған айыпты толық қолдап, соттан екі азаматқа, біреуіне 11 жыл, екіншісіне 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр. Екі еркек төбелесіп жатып бір біріне «өлтіремін» деп айқайлайды, ондай жағдайды күнделікті айналамызда кездестіріп жатамыз, бірақ ешкім олардың үстінен «кісі өлтіруге оқталу» деген баппен қылмыстық іс қозғамайды ғой? Біздің жағдайда, ақша сұрағаны туралы бір ауыз сөзі жоқ бола тұра қорғауымдағы адамдар осынша ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айырылғалы отыр. Енді осы айтқандарымның дәлелі ретінде нақты мән-жайларға тоқтала кетейін.- Прокурордың сөйлеген сөзіне
- Схема
«Азаматтардың құқықтарын қорғауға кепілдіктерді арттыру, қылмыстық процестегі тараптардың теңдігі мен жарыспалылығын, кінәсіздік презумпциясы қағидатының мүлтіксіз сақталуын, оның ішінде мыналар арқылы: 1) құқық қорғау органдарының немесе арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің көрінеу кінәсіз адамды қылмыстық жауаптылыққа тартқаны, көрінеу заңсыз ұстағаны, қамауға алғаны немесе қамақта ұстағаны, жауап беруге мәжбүрлегені, жалған дәлелдемелер және жедел-іздестіру материалдарын жасағаны, коммерциялық сатып алу не парақорлыққа арандатқаны, сондай-ақ жалпы қылмысқа итермелегені үшін, көрінеу жалған сөз жеткізгені, адвокаттардың қызметіне және адам мен азаматтық құқығын, бостандығы мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі өзге де адамдардың заңды қызметіне, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсетуге кедергі жасағаны үшін жауаптылықты күшейту; 2) куәгер айғақтарының, сондай-ақ жол берілетін және шынайы дәлелдемелердің жеткілікті жиынтығымен бекітілмеген және расталмаған өзге мәліметтер ғана негізінде қылмыстық жауаптылыққа тартуға және соттауға тыйым салуды белгілеу; 3) қылмыстық процесте қорғаушы тараптың дәлелдемелері мен шағымдарын жан-жақты және объективті қарауды қудалау органдарының лауазымды адамдары тарапынан осындай дәлелдемелер мен шағымдар бойынша сапасыз қарау немесе әрекетсіздігі фактілеріне қатаң ден қою шараларын қабылдай отырып қамтамасыз ету»! | |
21 тармақ; «Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жедел іздестіру және тергеу практикасында заңсыз жұмыс әдістерін және арандатушылық іс-әрекеттерді қолдану фактілеріне жол бермеуіне, осындай фактілер бойынша жауаптылық пен жазалаудың бұлтартпастығы қағидатын сақтауын қамтамасыз етумен қадағалауды және бақылауды күшейту». |
- Шаймерденовтың арызы бойынша 60 млн.теңге пара талап етті деген Әбішев қоңырау шалып Шаймерденовті кездесуге шақырмаған, кездесу тағайындамаған, ақша мүлдем сұрамаған, ешқашан хабарласпаған. Бұл жағдай Исмагулов пен Шаймерденовтің сотта берген жауабымен де расталады;
- Сол күнгі, 7 наурыз 2019 жылғы ұшақтағы кездесу Исмагуловтың жоспарымен Шаймерденовтің бастамасымен ғана орын алған, өйткені қорқытып ақша талап етті деген Әбішев ешқашан хабарласпаған соң, оның ұшыққа отырып Шымкент қаласына ұшып бара жатқанын біліп, ұлттық бюроның жедел қызметкері Исмагулов Жәрдем шұғыл түрде әуебилетін алып, Шаймерденовті дереу Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына шақырып алып, сол жерде сағат 14.45-14.50 уақыт аралығында оған «Москит» маркалы диктофонын беріп (13-бума, 29-бетте арнайы құралды тапсыру туралы хаттама), ұшаққа отырғызады. Ұшақта отырып, өзіне хабарласпаған, шақырмаған, Шаймерденовпен кездесу ойында да болмаған Әбішевке байланысқа шығады, өзі сұранып қасына келіп отырып алған;
- Әбішевтің қасындағы адамға өтініш айтып, өз орнын ауыстырып, Әбішевтің жанына келіп отырып алған Шаймерденов ақша туралы әңгімені өзінен-өзі бастаған. Стенограммадағы әңгіме мазмұнында Әбішев Шаймерденовтің ақша туралы әңгімелеріне қолдап жауап қатпаған және ақша талап ету немесе сұрау туралы әңгіме қозғамаған. Ал 50 млн.теңге ақша туралы әңгімелер мүлдем басқа, яғни тақырыпқа қатысы жоқ «Қазбайлық Астана» ЖШС-нің қос мердігерлігімен байланысты тақырыпта қозғалған;
- Стенограмма мазмұнына сәйкес, Әбішев Түкиевтің Федерацияға демеушілік ретінде Шаймерденовтен 10 млн. теңге алғанынан да бейхабар болып шыққан. Дәл осы жағдай стенограмма мазмұнымен ғана дәлелденіп қоймай, 31.10.2019 ж. сотта берген Шаймерденовтің және Исмагулов Жәрдемнің өздерінің жауаптарымен расталады. Атап айтсақ, 20.01.2019 ж. бастап 07.03.2019 ж. ұшаққа отырғанға дейін бұрын-соңды 50 млн.теңге ақша талап етті деген Әбішев өзінің тарапынан ешқандай да қорқытып пара талап етушілік әрекетін жасамаған, Шаймерденовке хабарласпаған, оны кездесуге шақырмаған. Сол себепті сотта жауапталған жедел қызметкер Исмагулов Жәрдем 7 наурыз 2019 жылы ұшақта Шаймерденов пен Әбішев араларындағы кездесуді қолдан ұйымдастырғанын растап берді (хотел убедиться...!).
Ж.Бастарова (сөзбе-сөз) | Іс жүзінде |
«– Олар (Әбішев пен Түкиев) бопсалау арқылы мердігер ұйым өкілінен "Соколов топтық су құбырының реконструкциясы және ауылдық жерлерге су жеткізетін таратушы торап құрылысы, екінші кезек" қызметі бойынша 5,8 миллиард теңгелік мемлекеттік сатып алу келісімшартын ұйымдастырғаны үшін 60 миллион теңге пара алған, деп күдіктелуде" - деп хабарлады Бастарова 19.03.2019 ж. журналистерге арналған арнайы брифингте».Толық ақпарат төмендегі сілтемелерде: http://78.40.108.11/kazakstan/islam-abishev-ne-ushin-ustaldy https://turkystan.kz/article/78225-islam-bishevke-andaj-ajyp-ta-yldy https://kznews.kz/page/2252/?wordfence_lh=1&hid=D9AD9F422462565BA0877637896E4FA2& https://www.ktk.kz/ru/newsfeed/article/2019/03/19/115135/ https://informburo.kz/novosti/glavu-komiteta-po-vodnym-resursam-podozrevayut-v-vymogatelstve-vzyatki-v-60-mln-tenge.html https://time.kz/articles/risk/2019/03/19/iskushenie-pushhe-nevoli https://www.zakon.kz/4962339-za-chto-arestovan-glava-komiteta-po.html https://kursiv.kz/news/obschestvo/2019-03/predsedatel-komiteta-mskh-podozrevaetsya-v-poluchenii-60-millionov-tenge-v https://rus.azattyq.org/a/29829563.html https://baribar.kz/97311/islam-abishevtinh-ne-sebepti-qamaugha-alynghany-belgili-boldy/ | И.Әбішев ешқашан, ешуақытта пара алған емес! Оған ұсталған алғашқы күннен бастап, яғни 14.03.2019 ж., 60 млн теңгені пара ретінде алды деп емес, сол ақшаны пара ретінде алуға оқталды деп күдіктелген болатын. Ол туралы кейіннен қорғау жағы пресс-конференция ұйымдастырып Әбішевтың пара алмағаны туралы хабарланса да, Бастарованың көрінеу жалған мәліметі күні бүгінге дейін жаңалықтар порталынан түскен жоқ. Оған себеп, Бастарова ҚР СЖҚК ресми өкілі ретінде таратты және одан күні бүгінге дейін бас тартқан жоқ |
Суреттемесі | Іс жүзінде |
Қазіргі күнге дейін Ютуб және басқа әлеуметтік желілерде, ақпара порталдарында И.Әбішвеке қатысты жалған бейнеақпарат жүр. Онда үстіңгі жағында И.Әбішевтың үлкен суреті тұр, астында мынадай мәтіндегі шындыққа жанаспайтын ақпарат, ал оның астында белгісіз адамның ақша санап жатқаны туралы бейнематериал тұр (сілтемені басыңыз): «Главу Комитета по водным ресурсам Министерства сельского хозяйства Ислама Абишева задержали по подозрению в получении взятки. Видео задержания Ислама Абишева было опубликовано пресс-службой Агенства по делам государственной службы и противодействию коррупции. Ранее стало известно, что глава комитета был задержан по подозрения в присвоении 60 млн тенге. В АДГСПК уточнили, что Абишев подозревается в получении взятки путем вымогательства в размере свыше 60 млн тенге за заключение договора государственных закупок с частной организацией». https://turantimes.kz/video/3746-poyavilos-video-zaderzhaniya-islama-abisheva.html | И.Әбішевке қатысты жасырын тергеу амалдары 24.12.2018 ж., 14.03.2019 ж., дейін жүргізілсе де, Әбішевтың пара алмағаны былай тұрсын, оған ешкім пара ұсынған жоқ, ол пара алуға келісім берген жоқ! Соған қарамастан, СЖҚК тарапынан шындыққа жанаспайтын бейне материал күні бүгінге дейін интернет желісінен алынған жоқ! |
О.Бектенов | Іс жүзінде |
О.Бектеновтің 06.06.2019 ж.«NUR.KZ» сайтына берген сұхбатынан үзінді: «Мысалы, жақында Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішевті ұстадық. Оның әдепсіздігі жайлы сонау 2013 жылы –бағыныштылардың біреуі оның ресторанның тамағын төле немесе костюм сатып әпер деп мәжбүрлегені жайлы шағымданғанда мәселе көтергенбіз (журналистер – «ішік-тон алғызған»). Егер сол кезде реакция қаталдау болғанда – оны мемқызметтен жұмыстан шығарып жіберумен бітер еді, сонда бүгін мемлекетке мұншама залал келтіру мен оны бас бостандығынан айыру секілді салмақты салдар туындамас еді». | 1. 06.06.2019 ж., И.Ә.Әбішев бас бостандығынан айрылды деп қалай айтуға болады, егер оның кінәсі әлі дәлелденбесе және әлі сот болмаған болса? 2. И.Әбішевтің ісінде мемлекетке залал келтіру фактісі мүлдем жоқ! 3. 2013 жылы И.Әбішевті жұмыстан шығарылып, ал, 2014 жылы Елбасы Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы «жұмыстан әділетсіз шығарылған» адам ретінде оны өзінің бұрынғы қызметіне қайтадан тағайындалған болатын, сонда Елбасы шешімін қате дейміз бе? 4. Арыздың мәні: ол адам өзінің НұрОтанға жасаған бейнеүндеуінде (бұл бейнеүндеуді барлық телеарна көрсетті) Әбішевке деп сатып алған костюмнің чегін көрсетеді, сондай-ақ оның туған күніне жұмсаған шығынын төлеген чекті көрсетеді. Бейнежазбаны тоқтатып, чектерді үлкейтіп қарап едік, көргеніміз мынау болды: Чектегі костюмнің размері - 56. Әбішевтің костюмінің размері – 50. И.Әбішев туған күнін тойлады деген кафенің чегінде көрсетілген дата - 21.04.2012ж. И.Әбішевтің туған күні - 12.05.1956ж. Өздеріңіз қорытынды жасай беріңіздер. Сілтемені басыңыз; https://www.ktk.kz/ru/news/video/2012/10/08/19339/ |
А.Шаймерденов 21.12.2019 ж. СЖҚК-е И.Әбішевтің үстінен жазған арызында екі эпизодты көрсеткен: 1. 2014 ж. И.Әбішевке 1 миллион АҚШ долларын “СМП-610” ЖШС-мен шарт жасасуға пара ретінде берген (ол СТБТ-ЕРДР №180000131000135 болып тіркелген) Бұл іс 31.07.2019 жылы ЖТТ жетекшісі А.Аташевпен ҚР ҚПК 35 б.,1., 2 тармағымен, яғни қылмыс құрамы болмауы себепті тоқтатылған (қысқартылған). 2. 2018 ж. А.Шаймерденов арқылы «Қазбайлық Астана» ЖШС-нен 250 миллион теңге параны қорқыту арқылы талап етіп отыр. Бұл факт СТБТ-ЕРДР тіркелмей қалған! | Арыз 1 том, 3 бет СТБТ-ЕРДР 1 том, 11 бет 28 том, 176-200 беттер Бұндай жағдайда қылмыстық іс бойынша барлық тергеу әрекеттері жарамсыз деп танылып, іс ҚР ҚПК-нің 35 бабы 1 бөлігі 2 тармағының талаптарына сәйкес іс сөзсіз тоқтатылуға (қысқартылуға) жатады! |
Қылмыстық істі тергеу ЖТТ жетекшісі Д.Бахытовтың 21.12.2019 ж. шешімімен еш дәлелді себепсіз орыс тіліне ауыстырылған Істі қайта қазақ тіліне аудару туралы өтініштер ҚР Ұлттық Бюросы ЖТТ тергеушісі А.Н.Қарабаевпен 08.05.2019 ж., қанағаттандырусыз қалдырылған Қорғау тарапынан Бас Прокуратураға берілген шағым 1 қызмет басшысы С.Р.Шалабаевпен 10.06.2019 ж. қанағаттандырусыз қалдырылған 10.06.2019 ж., тергеу сотының судьясы Исаеваның Қаулысымен айыптау тарапының әрекеті заңсыз деп танылды, ҰБ тергеушілері атына тіл заңдылығын бұзғаны үшін Жеке қаулы шығарылды! | 1 том 13 бет 3 том, 149 бет 28 том, 4 бет – қорғау тарапынан өтініштер 3 том, 155 бет - тергеуші Қарабаевтың Қаулысы Іске әлі жалғанған жоқ 28 том, 7 бет |
Сол арқылы, ҚР ҚПК ның 9 б., 2 б., 30 б., 1 мен 2 б., талаптары бұзылған ҚР ҚПК-ның 436 б., 1 б., сәйкес бұл жағдай сот Үкімінің бұзылуына негіз болуы мүмкін |
Қылмыстық істе ШҚО бойынша сот сараптамасы Институтының сарапшысы Г.К.Кудайбергенованың №1348 санды, 28.06.2019 ж., №1349 санды, 21.06.2019 ж., №1350 санды, 25.06.2019 ж., №1351 санды, 24.06.2019 ж., сот психологиялық- филологиялық сараптамаларының қорытындылары (СПФС) бар. Аталған сараптамаларға сәйкес И.Әбішев те С.Түкиевте арызданушы Шаймерденовтен пара талап еткен | 8-9 томдарда толығымен осы 4 сараптама тігілген Қорғау тарапы 24.10.2019 ж. сот отырысында ҚР ӘМ сот сараптама орталығының директоры Д.Гауриевтің атынан шығыс; 20-05-15 №3133 санды 04.10.2019 ж. рецензиясын іске жалғады. Оған сәйкес, сарапшы Г.Құдайбергенова сараптама жүргізу туралы методикасын, «Сараптама туралы» заңы талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. |
ҚР ҚПК-нің 35 бабы 1 бөлігі 2 тармағының талаптарына сәйкес іс сөзсіз тоқтатылуға (қысқартылуға) жатады! Себебі, сараптама қорытындылары ең негізгі дәлелдеме болып табылады, өйткені И.Әбішев пара алу туралы емес, алуға оқталды деп айып тағылған, тиісінше ең негізгі дәлелдеме олардың өзара сөйлескен әңгімелеріне жасалған сараптамалар болып табылады! |
И.Әбішевтің Шаймерденовтен ақша сұрауы мүмкін емес, себебі 2018ж. күзінде СРК-КВР «СМП-610» ЖШС-мен шартты біржақты бұзған, оның арты дауға ұласқан, Шаймерденов Әбішевтың үстінен сол үшін арыз жазған, сотқа берген Ислам Абишевке қатысты ақша туралы мәріметтер мен әңгімелер тек қана екі жағдайда жазылған, оның; 1.20.01.2019ж. Риксос қонақ үйінде 2.07.03.2019ж. Астана-Шымкент бағытындағы ұшақта | 16 том, 40-45 беттер заңды күшіне енген сот шешімдері, «СМП-610» ЖШС қызметкері А. Жампозовтың және СРК-КВР қызметкерлерінің жауаптары 9 том, 11-42, 69-86 беттерде сараптама стенограммалары бар. Әңгіме мазмұнында екі тараптан да пара туралы бір ауыз сөз жоқ! 9 том, 165 бетте. Осыған сәйкес: - А.Шаймерденовтың арызы бойынша 60 млн.теңге пара талап етті деп айыпталған И.Әбішев қоңырау шалып А.Шаймерденовті кездесуге шақырмаған; - сол күнгі ұшақтағы кездесу А.Шаймерденовтің бастамасымен ғана орын алған, өйткені қорқытып ақша талап етті деген И.Әбішев еш хабарсыз кеткесін соңғының ұшыққа отырып Шымкент қаласына ұшып бара жатқанын біліп, ұлттық бюроның жедел қызметкерлері 07.03.2019ж. дереу А.Шаймерденовті Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына шақырып алып, сол жерде сағат 14.45-14.50 уақыт аралығында А.Шаймерденовке «Москит» маркалы диктофонын беріп (13-бума, 29-бетте арнайы құралды тапсыру туралы хаттама), ұшаққа отырғызып жібереді. - Ұшақта отырып, өзіне хабарласпаған, шақырмаған И.Әбішевке байланысқа шығады, сұранып қасына отырып алады; - И.Әбішевтің қасына отырып, ақша туралы әңгімені өзінен-өзі бастайды, арасында 50 млн.теңге туралы да айтады, алайда стенограммадағы әңгіме мазмұнында И.Әбішев А.Шаймерденовтің ақша туралы әңгімелеріне дұрыс жауап қатпайды және ақша талап ету немесе сұрау туралы әңгіме қозғамайды. 50 млн.теңге ақша туралы әңгімелер мүлдем басқа қос мердігерлікпен байланысты тақырыпта қозғалады; - стенограмма мазмұнына сәйкес, И.Әбішев С.Тукиевтің Федерацияға демеушілік ретінде А.Шаймерденовтен 10 млн.теңге алғанынан да бейхабар болып шығады. Дәл осы жағдай стенограмма мазмұнымен ғана дәлелденіп қоймай, 31.10.2019ж. сот тергеуінде берген А.Шаймерденовтің өзінің жауаптарымен расталады. Атап айтсақ, 20.02.2019ж. бастап 07.03.2019ж. ұшаққа отырғанға дейін бұрын соңды 50 млн.теңге ақша талап етті деген И.Әбішев өзінің тарапынан ешқандайда қорқытып пара талап етушілік әрекетін жасамаған, А.Шаймерденовке хабарласпаған, оны кездесуге шақырмаған. Сол себепті ҚР СЖҚК ҰБ-ның жедел қызметкерлері бірнеше айға созылған жасырын тергеу амалдарының түпкілікті нәтижелі жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында 07.03.2019ж. И.Әбішев Шымкент қаласына ұшып бара жатқанын біліп, А.Шаймерденовты әуежайға шақыртып алып, оған дыбыс жазба құралын тапсырып, ұшақта И.Әбішевтің қасына отырып алып, ақша туралы әңгіме қозғауға әдейі итермелейді. Жедел қызметкерлер мен А.Шаймерденовтің өздерінің әрекеттерімен И.Әбішевті парақорлыққа арандатқаны, жоғарыда көрсетілген дәлелдерден бөлек, А.Шаймерденовтің Шымкент қаласының әуежайында жедел қызметкерлерімен кездесіп, диктофонға жазылған әңгімелерін талқылап жатқан сөздерінен анық байқалады. Алайда дәл осы әңгімелер СПФС зерттеу объектісіне жедел қызметкерлері әдейі кіргізбей қояды! |
ҚР СЖҚК ҰБ-ның жедел қызметкерлері мен А.Шаймерденовтың осы қылмыстық істің аясында жасаған әрекеттері қылмысты иммитациялау емес, И.Әбішевті және С.Түкиевті құқық бұзушылыққа итермелеуге және парақорлыққа араңдатушылыққа анық бағытталған. Ал, ҚР «Жедел-іздестіру қызмету туралы» Заңының 15-бабында, жедел-іздестіру қызметін жүргізу кезінде азаматтарды құқық бұзушылыққа итермелеуге және араңдатуға шектеулер қойылған! ҚР Жоғарғы Сотының «Кейбір сыбайлас жемқорлық қылмыстарды қарау практикасы туралы» 2015 жылғы 27 қарашадағы №8 нормативтік қаулысының 24-тармағына сәйкес, қылмыстық қудалау органдарының ҚК-нің 366-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адамды қылмыстық қудалау органдарының араласуынсыз пара алу ниеті туындамайтынын және қылмыстың жасалмағанын айғақтайтын мән-жайлар болған кезде пара нысанасын алуға көндірудің нәтижесінде келісім алынған кезде оған пара беруден тұратын арандатушылық-айдап салушылық әрекеттері өзіне қатысты осы әрекет жүзеге асырылған адам жасаған әрекеттің қылмыстылығын жояды. |
Іс құжаттарына сәйкес, 21.12.2018 ж., А.Шаймерденов И.Әбішевтің және С.Тукиевтің үстінен ҚР Ұлттық бюросына арыз берген. Сол күні, арыз СТБТ (ЕРДР) ҚР ҚК 366-бабы 4 бөлігіне сәйкес тіркелген. Арызды тіркеу туралы баянатта И.Әбішевтің және С.Тукиевтің аты-жөндері және өзге мәлеметтер жасыру мақсатында көрсетілмейді деп жазылған. Яғни, сол күннен бастап қылмыстық құқық бұзушылық жасайтын адамдар туралы мәлімет тергеу органына мәлім болған. Одан бөлек, 24.12.2018ж., Әбішевке және Тукиевке қарсы жасырын тергеу әрекеттері басталған. Яғни, тергеу бірінші күннен бастап, даусыз Әбішев пен Тукиевке қарсы басталған. Соған қарамастан тергеу мерзімі 3 рет ҚР ҚПК 45 бабы 7 бөлімі 1 тармағының негізінде, яғни қылмыс жасаған адамдардың анықталмаады деген негізбен үзіліп, кейін қайта қалпына келтірілген. 1) 24.12.2018ж.,тергеуші Бахытовпен 2) 10.01.2019 ж,тергеуші Бахытовпен 3) 20.02.2019 ж,тергеуші Бахытовпен Осыдан кейін, 11.03.2019 жылдың наурыз айының 11-і күні тергеуші Агибаевтың қаулысымен іс бойынша тергеп қайта басталған. | Тергеу органымен 24.12.2018 ж., мен 11.03.2019 ж., аралығында аралығында 3 рет тергеу мерзімін үзу туралы шешім толық заңсыз! ҚР ҚПК 45б., 7б., 1т., сәйкес, тергеу мерзімін үзу үшін қылмыстық іс бойынша шын мәнінде қылмыс жасаған тұлға анықталмауы керек. Ал, біздің жағдайда Шаймерденов арызын бірден Әбішев пен Тукиевке қарсы жазған және осы көрсетілген тұлғаларға жасырын тергеу әрекеттері тергеу сотының санкциясы негізінде басталған. Одан басқа, СТБТ (ЕРДР) қатысты ҚР Бас прокурорының 19.09.2014 ж., № 89 Бұйрығының 20 т., сәйкес, тергеуші қол қойылатын қылмыстық өндіріс бойынша әрбір әрекетке және шешімге электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарының сәйкесті деректемелерін толтырады. Аталған құқықтық акт Әділет органдарында тіркелген және құқық қорғау органы үшін орындалуға міндетті! Тергеуші Бахытовпен 10.01.2019 ж, және 20.02.2019 ж, тергеу мерзімін ҚР ҚПК 45б., 7б., 1т., негізінде үзгені және қалпына келтіргені туралы 4 қаулысы ҚР БП ҚСжАЕА (УКПСиСУ) басқармасының СТБТ (ЕРДР) мәліметтер базасына тіркелмеген! Ол бойынша, Нұр-Сұлтан қаласы ҚР БП ҚСжАЕА адвокаттық сұранысқа берілген жауаппен нақты дәлелденеді. Одан басқа, тергеуші Агибаевтың 11.03.2019 ж., Қаулысында 24.12.2018 ж., үзілген іс қайта жандандырылған, ал, тергеуші Бахытовпен 10.01.2019 ж., және 20.02.2019 ж., тергеу мерзімін ҚР ҚПК 45б., 7б., 1т., негізінде үзгені және қалпына келтіргені туралы 4 қаулысына сілтеме жасалмаған! 10.01.2019 ж, және 20.02.2019 ж, Шаймерденов тарапынан С.Тукиевке «Қазақ күресіне» демеушілік ретінде 10 000 000 теңге екі бөлініп берілгенін ескеретін болсақ, дәл сол күндері істі қайта жандандыру және үзу туралы тергеуші Бахытов тарапынан қабылданған 4 Қаулы, жасырын тергеу әрекеттерін заңдастыру мақсатында кейін жасалғаны толық анықталып отыр! |
Нұр-Сұлтан қалалық сотының қылмыстық істер бойынша апелляциялық сатысының шешімдерімен дәлме-дәл осындай негіздермен бірнеше адам ақталған, оларға қарсы қылмыстық істер қысқартылған, және ҚР Жоғарғы сотының қаулыларымен осы шешімдер заңды деп танылған. Мысалы, 2019 жылы 30 қаңтарда Астана қаласының сотының қаулысымен М.Муздыбаеваға қарсы қылмыстық іс қысқартылған, және осы қаулыны Жоғарғы соттың 2019 жылы 25 маусымында шағарылған қаулысымен заңды деп танылған. Тағыда, осы жылдың 8 ақпанында Р.Кураев және Х.Кураев және 12 ақпанында Б.Шувазов атты кісілер Астана қалалық сотымен ақталған. И.Әбішев пен С. Тукиевке қарсы қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 35 бабы 1 бөлімі 2 тармағының негізінде қысқартылуға жатады. |
Куә А.Жампозовтың тергеудегі жауаптары (Айыптау актісінен): | Куә А.Жампозовтың соттағы жауаптары |
Куә А.О. Жампозовтың жауаптарымен, онда өзіне И.А. Абишевтің А.К. Шаймерденовтің достарына «Соколов топтың су құбыры» мемлекеттік сатып алу алып беру үшін 120 млн. теңге ақшалай қаражат алу жоспарлап жатқаны туралы мәлім болғаны. 2018ж. шамамен 15-16 желтоқсанында «Монака» мейрамханасында болған кезінде, сыртта А.К. Шаймерденов пен С.А. Тукиевтің араларында «Қазақ күресі» демеушілік көмек туралы әңгіме болып жатқаны туралы естігенін. И.А. Абишев не себептен С.А. Тукиевке ақша қаражатын беруді созбалаңдыққа салып жүргенін. Содан И.А. Абишев ақшаны беруді а.ж. 01 ақпанына дейін беруді болмаса «Соколов топтық су құбыры» бойынша ақшалай қаражатты қысқартатынын, өз кезегінде С.А. Тукиев ақша тез арада қажет екенін айтқанын. А.Шаймерденов шығып кеткеннен кейін И.Абишев барлығына одан ештеме сұрамадым деп арнайы айтқанын, себебі ол жазып алу мүмкін екенін, А.Шаймерденов өзі демеушілік көмек беремін деп айтқанын. А.ж. 13 наурызында Астана қаласы, Тұран көшесінде орналасқан «Традициональ» мейрамханасында К.А. Абишовпен және К.Ш. Шындаулетовпен жолығу барысында К.А. Абишов өзінен А.К. Шаймерденов туралы сұрастырғанын. Өзіне К.А. Абишовке және К.Ш. Шындаулетовке «Соколов топтық су құбыры» мемлекеттік сатып алу бойынша А.К.Шаймерденовтен ақшалай қаражатты алуды И.А. Абишев тапсырғанын түсінгенін көрсеткен. Іс беті: 16 бума, 40-45 б. Іс беті: 28 бума, 48-49 б. | сот тергеуінде куә А.Жампозов тергеу кезінде берген 4 бірдей жауабынан толық бас тартып, өзіне тергеу тобының көрсеткен қысымы туралы ашық мәлімдеді. Ең шынайы жауап биылғы жылдың ақпан айында тергеуші Идрисовке берген жауап алу хаттамасын тергеутобының жетекшісі А.Агибаев мамыр айында жыртып тастап, Идрисовтың атынан алынған жауапты қайта жасақтап, соған қол қоюға мәжбүрлеген. (Куә сөзінің жауабы, сол хаттамада жауап алған тұлға ретінде Идрисовтың көрсетіліп, хаттама соңында Агибаевтың қол қоюымен құжат түрінде де расталады!). Одан кейінгі жауаптардың бәрін де тергеушілер өздері жасақтаған, бұл тек қолын қоюмен ғана шектелген. Тергеу тобы іс сотқа жеткеннен кейінде қысым көрсетуін қоймаған, олар куәні өздеріне шақыртып, телефон арқылы қорқытқан, «ватсап» арқылы 4 жауап хаттамасын жолдап, сотта сол хаттамаларда жазылған сөздерді ғана қайталап айтып, ал адвокаттар сұрағына «есімде жоқ» деп айтуын тапсырған. Куәнің ол сөздері өзі сотқа ұсынған және іс материалдарына жалғанған тергеу тобы мүшелерінің жазған СМС хабарламаларымен толық дәлелденді. Куәнің жазбаша өтініші бойынша сот оған қорғау тағайындап, қорғауды ҰҚК қызметкерлеріне тапсырды. Өзінің өміріне және денсаулығына қауіп төндіріп отырған тұлғалар ретінде куә сотта СЖҚК Ұлттық Бюросы қызметкерлері мен осы іс бойынша арызданушы А.Шаймерденовты атап көрсетті және оған нақты дәлелдерін ұсынды. |
Куә Макишевтың тергеудегі жауабы | Куә Макишевтың соттағы жауабы |
Куә А.С. Макишевтің жауабымен. Келісім шарт жасалғаннан кейін, шамамен 2018 жылдың қараша айының аяғында желтоқсан айының басында, А.Шаймерденов кездескен кезде өзіне, Ислам Абишев одан «Казбайлық Астана» ЖШС ақшаны, яғни 250 000 000 теңгені қашан береді деп сұрап жатыр дегенін. Өз кезегінде бұл сөздерді Азамат Тюлегеновке жеткізгенін, бірақ ол өзіне әрдайым қазір әзірге ақша жоқ деп айтқанын. 2019 жылы ақпан айының басында А. Шаймерденов өзімен кездескен кезде, И. Абишев біз уәде еткен ақшалай қаражаттарды беруді талап етуді жалғастыруда, бермеген жағдайда Комитет СРК Соколов су құбырын қайта жөндеу бойынша жұмыстарды жүргізуге байланысты шығындарды секвестрлейді, бұл өз кезетінде, «Казбайлық» ЖШС мемлекеттік сатып алу бойынша бекітілген келісім шарт бойынша, өз міндеттерін орындауды қамтамасыз ету ретінде ұсынған 500 млн. теңге мөлшеріндегі банк кепілдігін қайтаруды кешіктіруге әкеліп соғады деп айтқанын. Оның үстіне, қашан екені есінде жоқ, А. Шаймерденов өзімен әңгіме барысында, Ислам Абишевтың «Қазақ күресі» қоғамдық бірлестігінде Тукиев Серик деген досы бар, ол біз ақшалай қаражаттарды беру туралы өз міндеттерімізді орындамай жүргенімізді біледі деп айтқанын, өзіне, сондай ақ «Казбайлық Астана» ЖШС басшылығына, өзінің түсінігі бойынша өздерінің «торпед»-балуандарын, олар күш қолданып деп қорқытқанын айтқанын. Іс беті: 22 бума, 1-5 б. | Сотта берген жауабында А.С.Макишев тергеуде берген жауаптарынан бас тартып, өзінің тек қана А.Шаймерденов пен «Қазбайлық» ЖШС басшыларын таныстыру мақсатында ғана әрекете еткенін, ешқашан ешкімнен ақша алып, оны Шаймерденов немесе басқа біреуге беру ойы болмағанын, сонымен қатар өзінің ешқашан «Қазбайлық» ЖШС директоры болмағанын және ешкімге директорымын деп айтпағанын көрсетті. И.Абишев пен С.Түкиевке қатысты ақпаратты тек қана А.Шаймерденовтен естігенін, ол ақпараттардың басқа ешқандай дереккөзі болмағанын атап өтті. Одан басқа, тергеу органдарының оған қатысты «Қазбайлық» ЖШС директоры ретінде ЖІШ (жедел іздестіру шаралары) жүргізгенін білмегенін, ол жалған ақпарат екенін, арызданушы А.Шаймерденов оның директор емес екенін жақсы білетінін көрсетті. |
Куә Тюлегеновтың тергеудегі жауабы | Куәнің соттағы жауабы |
Куә А.Б. Тюлегеновтың жауабымен. Шамамен 2018 жылдың қараша айының соңында Астана қаласы, Жаңажол көшесі, 19 үй мекен-жайындағы ЖШС офисінде А.Макишев екеуінің орталарында әңгіме өткенін, ол өзіне әңгіме барысында, «Казбайлық Астана» ЖШС аталған су құбырларын қайтадан жаңартудың мердігер ретінде таңдалып алынғаны үшін, СРК басшылығы «заңсыз» пара талап етіп жатыр дегенін. Өзіне Асхат Макишев атаған «откаттың» сомасы, келісім-шарттың сомасынан 4-5% құрайтынын, жалпы алғанда шамамен 250 млн. теңгедей болатынын. 2019 жылдың басында, Асхат Макишев менімен әңгіме барысында, СРК басшылығы оны «қинап жатыр» деп, яғни «заңсыз» түрде ақша талап етіп жатыр деп бірнеше рет айтқанын. Өзі Асхатты ренжітіп алмас үшін, өзіде қазір ондай ақша сомасы жоқ деп, оған жалтарып жауап бергенін. Бірақ, өзі негізінен ешкімге пара бергісі келмегенін және ниет білдірмегенін. айтып көрсеткен. Іс беті: 22 бума, 26-29 б. | Сотта куә өзінің 2018 жылдың қараша айының соңында Астана қаласы, Жаңажол көшесі, 19 үй мекен-жайындағы ЖШС офисінде А.Макишевке жасалған келісім-шартың откаты ретінде 250 000 000 теңгені И.Абишевке беруге келісім бергені туралы мәліметті толық теріске шығарды! Ол ешқашан ешкімге пара беруге келісім бермегенін, ондай ниет тіпті ойында болмағанын атап көрсетті. |
Қолданыстағы ҚПК талапарына сәйкес, куәнің жауабы іс бойынша маңызды дәлелдемелер қатарына жатқызылған. Осыған орай іс бойынша айыптау тарапынан көрсетілген куәлердің сотта берген жауаптарына тоқталып өтетін болсақ, іс бойынша арызданушы А.Шаймерденовтен басқа бірде-бір куә (!) И.Абишевке немесе С.Түкиевке қарсы «олар пара талап етті немесе бопсалады» деген жауап берген жоқ! |