«Қазақша хабарласын!». Өскемендіктер кондукторларға қатысты талап қойды
2020 ж. 20 қаңтар
5521
0
Өскемендегі 19-шы шағын ауданның тұрғындары қоғамдық көліктерде аялдамаларды қазақша хабарлауды талап етті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Кондукторлар аялдама атауларын көбінесе орыс тілінде хабарлайды. Біздің шағын ауданнан қалаға қатынайтын жолаушылардың ішінде қарттар әсіресе көп. Ауылдан келген үлкен кісілер орысша түсінбейді. Әрбірден кейін неге мемлекеттік тілде бірінші хабарламасқа. Көрші-қолаң бар, жалпы аудан тұрғындарының атынан осы тілекті жеткізейін деп, жұмыстан сұранып арнайы келіп отырмын, – деді Самат есімді қала тұрғыны.
Аймақ басшысы Даниал Ахметов бұл өтініштің дұрыстығын, орындалатынын жеткізді.