ІІМ қазақстандықтарға армян, қырғыз және ресейлік көліктерге байланысты үндеу жасады
2020 ж. 15 қаңтар
5277
0
ІІМ қазақстандықтарға армян, қырғыз және Ресей көліктеріне байланысты үндеу жасады. ҚР Ішкі істер министрлігі шетелдік есепте тұрған көлікті тіркеуге шақырады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Ведомствоның мәліметінше, бүгінгі таңда елге Армения, Қырғызстан, Беларусь және Ресейде тіркелген 170 мыңнан астам көлік құралы жеткізілген. Армения және Қырғызстан автомобильдеріне қатысты ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумағында оларды пайдалану бойынша қатаң шектеулер бар.
"Армения мен Қырғызстанда тіркелген автомобильдер 2014 жылдан 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстанға кедендік баж салығы мен салықтарды төлемей уақытша кіруге мүмкіндік болған. Қазақстандықтар үшін осы кезеңде Қырғызстан мен Арменияда тіркелген автокөлікті әкелуге және пайдалануға тек қана автокөлікті кедендік декларациялау, баж салығы мен салықтарды төлеу, сондай-ақ одан әрі Қазақстанда автокөлікті тіркеу кезінде жол беріледі", - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Егер қазақстандық өз атына ел аумағынан тыс жерде көлікті тіркеген болса, онда мұндай автомобиль Қазақстанда сатып алғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде барлық қажетті алым мен баж салығын төлеп тіркелуі тиіс. Осылайша, шет мемлекеттерде тіркелген көлік құралдарын Қазақстанда пайдаланудың барлық ықтимал жағдайы мен нысаны заңда реттелген.
"Белгіленген тәртіпте тіркелмеген автомобильді жүргізгені үшін 10 АЕК көлемінде айыппұл салынып, ұстау себебін жойғанға дейін айыппұл салу қарастырылған. Тіркелмегендіктен жүргізушілердің жазасыз қаламын деген ойының кесірінен 1854 жол-көлік оқиғасы болып, 132 адам қаза тауып, 500-ден астам жарақат алды", - деп толықтырды ведомстводағылар.
Сонымен қатар, 2019 жылы камералар арқылы 90 мыңнан астам ережебұзушылық анықталды, жалпы құны - 1,1 миллиард теңге. Айыппұлдар жылдамдық режимін арттыруға, белгілер мен таңбалардың талаптарын сақтамауға және тағы да басқаға қатысты.
"Мұндай автокөлікті пайдалану фактілерінің жолын кесу үшін полиция кедендік және салық органдарымен бірлесіп рейд шараларын өткізеді. ІІМ басқа мемлекеттердің аумағында автокөлік сатып алған қазақстандықтарды оны тіркеуге және кедендік реттеу және жол қозғалысы саласындағы заңнаманың бұзылуын өз еркімен жоюға шақырады", - деп қорытындылады баспасөз қызметі.
Бұған дейін Қазақстанда жүргеніне бір жылдан асқан армян, қырғыз және Ресей көліктері заңсыз болатыны хабарланған. Жақын арада полицейлер елден "бөтен" нөмірлері бар автокөліктерді шығара бастайды. Оған "Жол жүрісі туралы" заңда жазылған шектеулер негіз болатыны айтылады.