Президент пен Елбасы Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
2019 ж. 14 желтоқсан
1841
0
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің 28 жылдығына орай өткізілген салтанатты концертті тамашалады.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.Мерекелік іс-шара «Астана Опера» опера және балет театрында өтті.
Салтанатты концертте еліміздің танымал әртістері, опера әншілері, хореографиялық топтар, сондай-ақ, симфониялық оркестр өнер көрсетті.