«Ақ жол» партиясы салық реформасын жүргізуді ұсынады
2019 ж. 30 қараша
2378
0
«Ақ жол» партиясы қосымша құн салығынан бас тартуды және салық реформасын жүргізуді ұсынады - деп мәлімдеді Азат Перуашев биылғы 29 қарашада өткен Мәжіліс отырысында.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында салық жүйесі бойынша бірқатар тапсырмалар берген болатын. Атап айтқанда, Президент 2023 жылға дейін 5% мөлшерінде қосымша зейнетақы жарналарын енгізуді кейінге қалдыру мен Салық кодексінде көзделмеген барлық төлемдерге тыйым салу арқылы жалақы қорына қысымды төмендетуді тапсырды.
Естерңізде болса, «Ақ жол» партиясы Салық органдарының банктік карталарды фиксалдық бақылауға алу туралы бастамасына қарсы шығып, қоғамда қызу пікірталас туындаған болатын.
Сонымен қатар, А.Перуашевтің айтуынша, депутаттарға кәсіпкерлерден келіп түскен өтініштер ағымы көбейген. Олар салық органдары басқа біреулердің алаяқтық іс-әрекеттерінің салықтарын төлеуге мәжбүрлейтінін айтып, шығамданған. Нәтижесінде, жүздеген табысты компаниялар миллиондаған қосымша құн салығын, корпоративтік табыс салығын, айыппұлдар мен өсімақыларды төлегендіктен, жүздеген қызметкерлерімен бірге жойылу қаупіне тап болады.
«Салық органдарының бизнеске осындай талап қоюы таңқаларлық емес, өйткені, бұл – олардың міндеті. Ал, соттардың мұндай талаптарды қанағаттандыратыны таң қалдырады»,- деді депутат.
Азат Перуашев осы жүйелік мәселеге орай, «Ақ жол» фракциясы мен «Атамекен» ҰКП-ның үндеуінен кейін, осы жылдың ақпан айында Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов Қарулы Күштердің судьяларының қатысуымен жұмыс тобын құрды. Алайда, бұл деңгейде де бизнес экономиканың негізгі заңдарының қабылданбауына тап болды.
Негізгі даулар өте қиын салық болып саналатын қосымша құн салығын жинау процедурасына қатысты болды. Өйткені оны қолдану несие бөлігін есептеу, салық органдарымен қабылданған немесе қабылданбаған түрлі құжаттарды ұсынумен байланысты. Сондықтан, депутат қосымша құн салығынан бас тартып, салық реформасын жүргізуді ұсынды.
«Мұндай реформа өндірушілерге қолдау көрсетіп, салық салуды айтарлықтай жеңілдетеді және салықтық тексерулердің сыбайлас жемқорлық әлеуетін төмендетеді », - деді А.Перуашев.