Назарбаев: Тоқаевтың айналасына топтасу керек
2019 ж. 26 қараша
2444
0

Nur Otan партиясының өңірлік филиалдары өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айналасында топтасып, саяси бағыттың сабақтастығын қамтамасыз ету қажеттігін тағы да ескертті.
Бұл туралы Тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.
«Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының аймақтық филиалдарының өкілдерімен кездесу өткізуде. Сөз сөйлеу барысында елбасы партия мүшелеріне Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айналасында топтасып, саяси бағыттың сабақтастығын қамтамасыз ету қажеттігін тағы да ескертті», - деп жазды Үкібай Twitter-дегі парақшасында.