Мемлекет басшысы: Қазақстан өңірдегі кибер мемлекетке айналуы тиіс
2019 ж. 20 қараша
1439
0
Цифрландыру – заман талабы. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
- Цифрландыру – заман талабы. «Astana Hub» отандық инновациялық цифрлық ортаның дамуына мол үлес қосуда. «Digital Centre» (цифрлық ХҚКО) көптеген мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде көрсетеді. БҰҰ рейтингі бойынша Қазақстан 26-шы орында, - деп жазды Президент twitter парашасында.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстан өңірдегі кибер мемлекетке айналуы тиіс екенін айтты.
«Astana IT University» және «Alem» бағдарламалау мектебінде IT-дарындарының жаңа буыны қалыптасып келеді. Олар – озық Қазақстанның қозғаушы күші. ҚР өңірдегі кибер мемлекетке айналуы тиіс. Еліміздің технологиялық келешегі жалынды жастарымыздың қарым-қабілетіне байланысты»,- деді ол.