"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" жинақ күнін атап өтті
2019 ж. 04 қараша
2460
0
Германия, Украина, Ресей, Әзірбайжан, Қытай секілді әлем елдерінде тойланатын Дүниежүзілік жинақ күні "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" Алматы қалалық бөлімшесінде де салтанатты түрде аталып өтілді.
ТҚЖБ арқылы 7000-ға жуық отбасы тұрғын үйлі болды
Осынау атаулы мереке қарсаңында банктің жеткен жетістіктеріне аз-кем тоқтала кетуді жөн санадық. Мәселен, бір ғана Алматы қаласының өзінде әр күн сайын "Тұрғынүй құрылыс жинақ банкінің" 20-дан бастап 40-қа жуық салымшысы қоныс тойын тойлауға қол жеткізеді. Жыл басынан бері мегаполистің 7000-ға жуық тұрғыны ТҚЖБ арқылы үйлі болды. Осыдан үш жыл бұрын 3000-дай тұрғынды баспанамен қамтыса, ал биылғы жылғы көрсеткіш рекордтық деңгейге жетті десек артық айтқандық емес.
Қазіргі таңда 210 405 алматылық "Тұрғынүй құрылыс жинақ банкінің" салымшысы атанса, олардың 30 099-ы үйді сатып алуға қол жеткізген.
"Нұрлы жер" бағдарламасы нұрлы өмірге жол ашуда
"Тұрғынүй құрылыс жинақ банкінің" жаңа мемлекеттік бағдарламасы - "Нұрлы жер" арқылы баспаналы болғандардың саны жыл санап арта түсуде. Яғни, "Нұрлы жер" бағдарламасы нұрлы өмірге жол ашуда.Биылғы жылдың өзінде аталмыш бағдарламаның 1 300 қатысушысы үймен қамтамасыз етілетіндігі осы сөзіміздің айғағы болса керек. Пилоттық режимдегі қалалық "Бақытты отбасы" бағдарламасы аясында 284 алматылық отбасы несиеге қол жеткізіп, баспаналы болды. Бүгінгі таңда кезекте тұрған 276 көпбалалы және толық емес отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың несиелік өтінімдері қарастырылу үстінде.
Біз атап өткен мәліметтер "Тұрғынүй құрылыс жинақ банкінің" әрбір салымшысының көкейіне зор сенім ұялатары сөзсіз. Бұрындары Алматыдан үйлі болу қол жетпес армандай көрінсе, бүгінде әрбір алматылық қаржы жинақтау ісіне жіті көңіл бөле отырып, Алматының өздері қалаған ауданынан үйлі бола алатындықтарын жақсы түсінеді. Сондықтан, да мейілінше банктің белсенді салымшысы болуға асығады. Мерекелік шарада еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін кезіктіруге болады. Бәрінің де көңіл-күйлері көтеріңкі. Әрбірінің жүзінен үйлі болсам деген үміттің отын көріп, сол бір асқақ армандарына тезірек қол жеткізуіне тілектестік білдірдік.
Данагүл ТҮСІПОВА, "Тұрғынүй құрылыс жинақ банкінің"
Алматы қаласы бойынша директорының орынбасары:
- 31-қазан, өздеріңіз білетіндей, Дүниежүзілік жинақ күні. Дүниежүзілік жинақ күнін атап өту туралы бастама алғаш рет 1924 жылы 31 қазанда Милан қаласында өткен жинақ банктерінің бірінші халықаралық конгресінде ұсынылылып, бекітілгені белгілі.
Бұл күн ақшаға үнемділікпен қарауды және де жеке қаражатты жинақтаудың маңыздылығын білдіреді. Өйткені, өз қаражатын тиімді басқара отырып, жинақтардың болуы әрбір адам үшін ертеңгі күнге деген сенімділік пен қаржылық тұрақтылықтың кепілі болып табылады.Осынау маңызды мерекені "Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі" жыл сайын дәстүрлі түрде атап өтіп келеді. Мұндағы мақсатымыз - бізге зор сенім артқан салымшыларымыздың көңіл-күйін көтере отырып, қаржы жинақтаудың маңыздылығын түсіндіру. Биылғы жылдың өзінде ТҚЖБ-нің көмегімен 42 000 қазақстандық отбасы қоныс тойын тойлады. Мұның өзі зор жетістік деп білеміз. Ал өздерінің болашақ үйлері үшін 1,4 млн қазақстандықсалым салуда. Алдағы уақытта бұл салымшылардың барлығы да баспағана қол жеткізері анық.
Осынау айтулы күні алматылықтар үшін әуелеген ән шырқалып, аниматорлар балалардың демалысын көңілді өткізуіне септігін тигізді. Сондай-ақ, шара барысында арнайы ұтыс ойындарын ұйымдастырып, жеңімпаз салымшыларымызға бізге деген сенімдері үшін сыйлықтармен марапатттадық. Алдағы уақытта да ТҚЖБ алматылықтардың көңілінен шығатын тиімді бағдарламаларды ұсына отырып, үйлі болулары үшін барлық мүмкіндіктерді қарастыра бермек.
Жексенғали МУСИН:
- 2012 жылы Қостанай қаласынан Алматыға қоныс аудардық. Келген бойда үй сатып алуға мүмкіндік болмаған соң, "Тұрғынүй құрылыс жинақ банкінде" қаржы жинақтауды бастадық. Көп ұзамай, Түрксіб ауданына қарасты "Жас қанат" ықшамауданынан бір бөлмелі пәтерге қол жеткіздік. Кейін ол үйімізді осы банк арқылы сатып, қайта қаржы құюды жалғастырдық. Осыдан кейін өзіміз армандаған кең әрі жайлы үш бөлмелі баспананы алдық. Аллаға шүкір, қазір немерелерімнің де қатары жыл санап көбейіп келеді. Сондықтан, тағы да бір үй алу қажет деп шештік. Үш айдан бері банктің белсенді салымшыларының бірі ретінде қаржы жинақтап жатқан жайым бар.Үйсіз жүрген әрбір адамға, мүмкіндігінше өз үйі үшін ТҚЖБ арқылы қаржы жинауға кеңес беремін. Армандаңыздар және оған қол жеткізіңіздер. Армандар ешқашан алдамайды дегім келеді.
Салтанат НҮСІПҚОЖАЕВА:
- Мен 2015 жылдан бері "Тұрғынүй құрылыс жинақ банкінің" салымшысымын. Алланың қалауымен, "Нұрлы жол" бағдарламасымен биылғы жылы "Саялы-2" ықшамауданынан екі бөлмелі пәтердің иесі атандық. Ол кездегі қуанышымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бүгінде өзімнің балаларыма, туыстарыма, таныстарыма осы банк арқылы үйлі болудың тиімді екендігін айтып, үнемі насихаттап жүремін. Қызым Айгерім де салымшы ретінде тіркеліп, үйлі болуға алғашқы қадамын жасап жатыр. Қызыма сәттілік тілеп, бүгінгі шараға қуана қатысып отырмыз. Баспаналы болуға ең бастысы ниетің болса қол жеткізе аласың деп ойлаймын. Сонымен қатар, "Тұрғынүй құрылыс жинақ банкінің" білікті мамандары өзімізді мазалаған әрбір сұраққа түсінікті жауап беріп, жылы шыраймен қарсы алып, қабылдайды. Банкке келген сайын жылылықты сезніемін. Әрбір қазақ баспаналы болсын деп тілеймін!
qazaquni.kz