Мәншүк Мәметованың ағаш мүсіні елді шулатты

Семей қаласындағы Жеңіс саябағында тұрған халық батыры Мәншүк Мәметованың ағаш мүсіні халықтың наразылығын тудырды, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігінің тілшісі.

"Осындай мүсіндерді кім жасап, орнатуға кім рұқсат береді?" деп пікір жазып жатқан желі қолданушылары батыр мүсінін алып тастауды талап етуде.

Ал, мүсін авторлары Юлия және Иван Кортуновтар бұл мүсінге қала әкімдігі тапсырыс бергенін айтып, өзге емес, дәл Мәншүкті кескіндеуге тырысқандарын айтып ақталуда.

"Бізді қалада осындай мүсіндер жасау үшін Семей қаласының әкімі Ермак Бидахметовичтің өзі шақырған. Әрине, тегін емес", - деді Кортунова arnapress.kz басылымына берген сұхбатында.