ИСЛАМ ӘБІШ: "Бізді қамап тастап, біздің орнымызға отырып алған ШПЕКБАЕВТЫ НЕГЕ КУӘЛІККЕ ШАҚЫРМАЙДЫ?"
2019 ж. 16 қазан
13046
16
ИСЛАМ ӘБІШ СОТЫНЫҢ ҮШІНШІ КҮНІ
Суық жерде тіке тұрғызып қоюдың және адам отыруға өте қиын суық автозэкпен әкелудің кесірінен Ислам Әбішевтің тағы да аяғы тартылып қалып жедел жәрдем шақыртуға тура келді. Сот сондықтан 45 минуттай кешігіп басталды.
Сотта қорғаушылар Марат Адамов пен Қайрат Түкеевті сот залына кіргізбегені үшін сот приставына сенімсіздік білдірілді.
Сот шешім қабылдау үшін үзіліс жариялады.
Үзілісте Ислам Әбіш журналистерге өзінің сот ісі бойынша келіспейтін мәселелерін мәлімдеді.
Соттың алғашқы күні екі беттен 76 қате шығарған сот К.Мекмтасқа сенімсіздік неге қабылданбағанына түсінбейтінін айтқан Ислам Әбіш: "Бізді қамап тастап, біздің орнымызға - Дүниежүзілік Қазақ күресі федерациясы төрағалығына отырып алған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро төрағасы ШПЕКБАЕВТЫ НЕГЕ СОТ КУӘЛІККЕ ШАҚЫРМАЙДЫ?"-деді ол.
Ислам Әбіш пен Серік Түкеевті қорғау үшін елдің әр өңірінен тілектестер көптеп келуде. Солардың бірі, ел ағасы Тойым Жүніс өзінің қолдау сөзін айтты.
Сот жалғасуда. Қазыбек Иса, qazaquni.kz