Қазыбек Иса. ҚАЗАҚСТАН СОТЫНА ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚҰНЫ БІР ТИЫН! (видео)

"Тентектің айтқаны келмейді сандырағы келеді" дегендей, "қазақ тілін білмегені үшін сотты жүргізуге сенімсіздік білдірілген судья түстен кейін қайтып келуі мүмкін" деген сөзді қайдан жаза қалып едім, тура солай болды... Иә, түске дейін мен фейсбук парақшамда: "Ол судья К. Мекемтас енді қазақ тілін үйрену курсына кетті ме, әлде қазақ тілін мазақ тілге айналдырғаны үшін өз еркімен орнын босатуға арыз беруге кетті ме, ол жағы әзірге белгісіз... Түстен кейін "Елордада қазақ тілін менен артық білетін сот жоқ"-деп, қайтып келіп сотты жүргізе беруі де әбден мүмкін... Өйткені біз Қазақстанда өмір сүреміз ғой, ал бізде бәрі де бола береді."-деп жазған болатынмын. Сонымен судья К.Мекемтастың 2 беттік шешімінен Қазақ тілінен табылған 76 қатеге көз жұма қараған сот судья К. Мекемтас сот жүргізуге құқы бар деп шешім қабылдады. Сонымен, алдын ала біз жазғанымыздай, Қазақстан астанасында екі бет қағаздан 76 қате жіберетін, жарымжан сөйлемдерін адам түсінуі қиын судья К. Мекемтастан артық қазақ тілін білетін сот жоқ болып шықты!.. Бұл шешім - ҚАЗАҚСТАН СОТЫНА ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚҰНЫ БІР ТИЫН деген сөз! Мұндай масқараға да куә болдық біз пақыр!.. Иә, бізде бәрі де болады... Қазыбек Иса,  qazaquni.kz