Мемлекет басшысы «Еуразия континентінің транзиттік әлеуеті» форумына қатысты
2019 ж. 02 қазан
1865
0

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев «Еуразия континентінің транзиттік әлеуеті» форумының жұмысна қатысты, - деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Мұндай форматтағы іс-шара ЕАЭО үшін жаңалық болды. Жоғары Еуразиялық экономика кеңесінің шешіміне сәйкес, мұндай форумдар төрағалық етуші тараптан әртүрлі тақырыптарда интеграциялық бірлестікке мүше-мемлекеттердің мүдделеріне сай өтіп тұратын болады.
Еревандағы форумда көлік-логистика саласын дамыту, ЕАЭО елдерінің транзиттік мүмкіндіктерін нығайту мәселелері талқыланды.