Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ халқы армян халқын құрметтейді
2019 ж. 01 қазан
2229
0
Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық әріптестік пен көлік-логистикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянға қонақжайлығы мен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысын биік дәрежеде ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіре отырып, екі ел арасында қалыптасқан сенімді диалогты атап өтті.
– Қазақ халқы армян халқын құрметтейді. Біз қос мемлекет арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға ниеттіміз. Екі елдің ортасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастыққа ерекше назар аударуымыз керек. Жұмысты жандандырып қана қоймай, берік ынтымақтастықтың қосымша мүмкіндіктерін қарастыру қажет, – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Никол Пашинян экономика саласындағы Қазақстан мен Арменияның өзара қарым-қатынасы одан әрі жандана беретініне сенім білдірді.
– Соңғы уақытта біздің сауда-экономика саласындағы қарым-қатынастарымыз жаңа белеске көтерілді. Бірақ біздің әлеуетіміз бұдан әлдеқайда жоғары деп ойлаймын. Біз осы әлеуетімізді барынша жандандыруға күш салуымыз керек. Өйткені Еуразиялық экономикалық одақ біздің елдеріміз үшін жаңа мүмкіндіктер ашып отыр, – деді Армения Премьер-министрі.