Қырымбек Көшербаев ҚР Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қырымбек Көшербаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.

Қ.Е. Көшербаевты Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындау туралы

Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылсын.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан,

Ақорда,

2019 жылғы 18 қыркүйек

№ 156