Қорғаныс министрі орнын босатсын! - Мырзагелді Кемел
2019 ж. 05 шілде
5996
6
Баспасөз мәліметінше: "Арыс қаласы мен қала маңында 8867 үй бар. Соның 6127 үйі жарылыстан зардап шеккен болса, оның ішінде 27 үй толықтай қайтадан салынатын болады". Осыны "табиғи апат" деген Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қызметінен аластау керек! Үйлердің 70 пайызы әскерилердің жауапсыздығы мен жаны ашымастығынан қираса, ол қалай табиғи апат болады?! ТАБИҒИ АПАТ - ЗІЛЗАЛА, ӨРТ, ТОПАН СУ...
Атқа мінгені желіге шығып кеткені үшін облыс полиция басшысына барынша қатаң шара қолданған Президентіміз бұны қалай "байқамай" өткізіп жібермек?!
Қорғаныс министрі орнын босатсын!
Мырзагелді КЕМЕЛ,
экономика ғылымының докторы, профессор, академик