ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтеді
2019 ж. 17 маусым
3261
0
Нұрлан Нығматулин ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының ӨКІМІ «Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2019 жылғы 20маусымда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын»,-делінген құжатта.