Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе қаласына барды
2019 ж. 14 маусым
2362
0

Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе қаласына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің V саммитіне қатысу үшін Душанбе қаласына келді» делінген хабарламада.
Мәліметке сай, Мемлекет басшысы аталған саммиттің пленарлық мәжілісіне қатысады және бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді.