Қызылорда облысы нысандарға Алаш арыстарының есімдерін беру бастамасын қолдады
2019 ж. 05 наурыз
11375
1
"Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашев еліміздегі нысандар мен көшелерге Алаш арыстарының есімдерін беру туралы бірегей бастаманы көтергені туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігі бұған дейін жазған болатын.
Азат Перуашев еліміздің қалалар мен елді мекендеріндегі көше, мекеме атауларына 750-ге жуық Алаш қайраткерлерінің есімдерін беруді ұсынған олатын. Бұл жөнінде облыстар және республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің атына тиісті хат жолданған еді.
Міне, алғашқы болып бұл ұсынысқа Қызылорда облысының әкімдігі жауап қатты.
Хатта Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р. Рүстемов алдағы уақытта өңірдегі нысандар мен көшелерге Алаш арыстарының есімдерін беру туралы ұсынысты басты назарға алынатынын жеткізген.