"Ақ жол" партиясының ұсынысымен Санкт-Петерборда Әлиханға ескерткіш тақта қойылады
2018 ж. 17 қазан
6136
4
Одан бөлек «Ақ жол» партиясы ұлт көсемінің қиян-кескі күреске толы ғұмырының ақырғы 15 жылын (1922-1937 жж.) өткізген Мәскеудегі Б. Кисловский орамы, 4 үйі мен Самара қаласындағы 1909-1917 жылдары тұрған Казанская көшесі, 30 (қазір 32 үй) үйіне де естелік тақта орнату ісі қолға алып отыр. Бұл игілікті іске байланысты «Ақ жол» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Иманғали Тасмағамбетовке арнайы хат жолдады.
"Ақ жол" партиясының осындай жүйелі ұсыныстары мен нақты істерінің арқасында бүгін таңертең Санкт-Петербордан қуанышты хабар келіп жетті. Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның 1890-1894 жылдары оқып бітірген бұрынғы Императорлық Орман институты, қазіргі Санкт-Петербор мемлекеттік орман-техникалық университетінің Ғылыми кеңесі бас ғимаратының маңдайшасына өзінің даңқты түлегі, 2015 жылы ЮНЕСКО Бас конференциясынының 38-сессиясы «Бүкіл әлемдік шынайы даңқты қайраткер» деп жариялаған Әлихан Бөкейхан туралы естелік тақта орнату туралы "Ақ жол" партиясының ұсынысын басым дауыспен қолдап (27 дауыс қолдады, 7 дауыс қарсы, 5 дауыс қалыс қалды), игілікті шешім қабылдады.
Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан есімі әрқашанда ардақтауға лайықты. "Ақ жол" партиясы Алаш идеясын насихаттауды жүйелі түрде, нақты істермен жалғастыра береді. Қазақ үні