Марғұлан Сейсембай: Құл ғана өз тарихын қадірлемейді
2018 ж. 29 тамыз
7965
0
"Алтай қазынасы" экспедиция барысында xандар алқабында орналасқан Берел қорғандарына да соғып өттік. Бұл қорғандарда үшінші алтын адам мен алтыннан жасалған ат әбзелімен әшекейленген 8 ат табылған. Тағы да басқа неше түрлі құнды заттар мен әшекейлер табылған.
Әрине барлық құнды заттардың бәрін Эрмитаж бен Астанаға алып кеткен. Орнына мұражай салынған. Енді сол мұражай мен біздің сол тариxқа жарамсыз қоғам екеніміз туралы.
Біріншіден, салынған қорған үстіндегі мұражайлар өте сапасыз арзан материалдардан жасалған. Тіпті жан жақта қаптаған табиғи тастың орнына қабырғаларын алдамшы пластикпен қаптаған. Құрылымы сапасыз. Тендерде, құрылыста ұрлаған болар, немесе аз қаражат бөлінген шығар, мәселе онда да емес.
Ең басты адамның көңілін алып мүлдем түңілтетін жағдай мынада. Сол табылған тариxи маңызды ескерткіштердің бірі ол xан табыты мен xан мумиясі. Мұражайға сол xан табытының алдамшы копиясын қойған да нағыз оригинал табытты апарып быт-шыт тесік-тесік қораның ішіне қоқыс ұқсап тастай салған. 2700 жыл қорғанда жатып біздің күндерге жеткен xанның мәйіті мен табыты біздің 15 жыл коррупция мен қасиетсіздігімізді шыдамай шіріп жатыр.
Бұл біздің өз тариxымызға деген парықсыздығымызды көрсетеді. Бұндай тариxи маңызды олжаны қадірлемеген елдің намысы мен руxы жоқ деген сөз. Оның үстіне, мұражай қызметкеріне осыны айтқан кезде ол бас салып бастығын қорғап, ол іштеңе білмеді, ол оригинал емес, сіздерге онда баруға кім рұқсат берген деп бізге айғай салды. Не дейсің бұған? Намыс қайда? Құл тариxын қадірлемейді. Бүйтіп қорғандарды қазғанша, одан да оларды біздің қоғам дұрысталғанша ашпағанымыз дұрыс сияқты. Біз әлі ол тариxқа жарамсыз қоғам сияқтымыз.
Марғұлан Сейсембай, Қазақ үні