Азат Перуашев «АЛАШ АРЫСТАРЫНА ТАҒЗЫМ» шеруін өткізуді ұсынды

8
13527

31 мамыр –  саяси қуғын-сүргін мен Ашаршылық күні – «Ақ жол» демократиялық партиясының депутаттары мен Орталық кеңсесінің қызметкерлері қуғын – сүргін құрбандарына арналған «АЛЖИР» қасірет кешенінде болып, гүл шоқтарын қойды, – деп хабарлайды «Қазақ үні» порталы.

«Ақжолдықтар» іс-шараның соңында жазықсыз жапа шеккен жандардың аруағына қол жайып, құран бағыштады.

«Ақ жол» партиясы төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев әрiптестерiне келешекте осы күнi қуғын-сүргiнге ұшыраған аталарының суреттерiмен шығуды ұсынды.

– 31-мамырда құрбан болған арыстар суреттерін алып шығатын шеруді «Алаш арыстарына тағзым» деп, немесе «Мың өлiп, мың тiрiлген Алаш» деп атау керек,- деді «Ақ жол» жетекшісі Азат Перуашев.

Ақжолдықтар  ашық аспан астындағы мұражайды аралап, зұлмат жылдардың  қасіретімен танысты.

Qazaquni.kz

 

 

8 ПІКІРЛЕР

  1. «Бессмертный полк» деп қуып жүрген қазақ, Алаш деп жүрегі соққан азаматтарды есіне алмайды да!

  2. Алаш азаматтарын ардақтап, шеру өткізу мына қазаққа міндет һәм парыз. Біз үшін өлген бабаларымызды бір күн ұлықтай алмасақ, несіне тірі жүрміз?!

  3. Перуаш атасы да Алаш ордағы көмектескен. Сол үшін атылып кеткен. Атасына тартқан ұл екен.

  4. Ақжол партиясының ұйымдастыруымен жыл сайын Алаштың Ақ жолы атты байқау ұйымдастырылады. Байқауда Алаш арыстарын зерттеу мәселесі алға қойылып, оны жас ұрпаққа насихатталады. Қаржылай жүлдесі де бар. Алашшыл партия.

  5. Бұл өте қолдарлық бастама.Көкшетауда өткен жылғы Жеңіс мерекесінде казактар елдің алдына шығып алып, шеруге шыққанын білген едік. Биыл осы казактардың өктемдігіне жол бермеу үшін облыс әкіміне хат жолдап, алдын ала ескертіп, бұған биыл жол берілмеуін елдің атынан сұраған едім. Шынында, мұндай шерудің орнына бодан болған еліне азаттық әперу үшін шәһит болған ұлыларымызға құрмет ретінде шеру өткізу әлдеқайда тағылымды болар еді.

  6. «Ақ жол» партиясы 31 мамыр кунi АЛЖИР-ге барғанда Азат Перуашев арiптестерiне келешекте осы кунi кугiн-сургiнге ушыраган аталарынын суреттерiмен шыгуды усынды. Ал Даниял Аxметов болса, Ресейдің идеологиялық жобасы «Бессмертный полк» парадының алдында беті бүлк етпей, өзі былқ етпей әкімдік қызметкерлерін бастап жүрді. Ал енді мұндай әкімге қалай сенеміз?

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз