Моңғолиядағы Жағалбайлы руы Кіші жүзге жатпайды - тарихшы
2017 ж. 17 шілде
9119
9
...Моңғолияның таулы жеріндегі Жағалбайлылар өздерін «Найманбыз» дейді екен. Осымен қатар өзбек наймандары мен ноғай наймандарының құрамында да Жағалбайлы руы бар. Шежіре аңыздары Жағалбайлыны бірде Шеруші мен Төлегетайға қатысты айтса, бірде шеруші Бақат батырға қатысты айтады. Алғашында Жағалбайлыны шеруші Бақат батырдың бір соғыстан кейін тауып алғаны айтылады. «Бақат батыр Наймандардан сатып алған» деп те айтылады.
Моңғолиядағы Жағалбайлының жадында Төлегетайдың аты Төлек болып сақталып қалғанына қарағанда, олардың бұған дейін Сыр бойында, Төлегетай найманның арасында жүргендерін білдіреді. Шерушіні керей десе де, белгілі шежіретанушы керей Ашамайлы Сиезхан өзінің жазған «Дат – шежіре даланың ауызша тарихы» атты кітабінде Қаракерейдің бір баланы даладан тауып алып, оның атын Жарболды қойғанын, одан туған екі ұлды Шеруші, Шимойын атағанын айтады. Анығында Қаракерей деп бұл жерде керейдегі Қара би айтылып тұр. Шимойынның керейге де басқа жақтан келгені тарихтан да белгілі. Әркім әрқалай айтады. Түргеш қағанатында жүргені қытай деректерінде айтылған. Ал енді, Шерушінің түбін қарақытай деп айтады. Бұл жерде «қытай» дегеніміз анау алпауыт қытай емес, «хұтай», яғни, жібек дегеннен болған қыйдандардың атауы. Қайта осылардың атымен көшпенділер анау шеріктерді «қытай» атап кеткен. Шерушілер наймандағы қаратай еліне де сіңген. Қаратайдың Дәулеттерімен бірге ең текті ру саналатын бұл Шерушілерден көптеген ұлы тұлғалар шыққан. Тек жүрген Шеруші болмайды. Ғұлама шежіре атанған Ғұлам Қадырдың қол баласы болып жетілген байжігіт-тоғас, бір сыдырғы шежіреші Жеңісхан Атшабар Шерушінің Күшлік ханның қайын жұрты екенін айтады.
Сонымен, өздеріңіз көргендеріңіздей жалпақ ел Жағалбайлы шежіре аңыздарында, таңбаларында найманға тым жақын болып тұр. Шәкәрім қажының: «...наймандар сияқты» дегені тағы бар.
Орыс зерттеушісі Абрамзон Жағалбайлының бір таңбасын «в виде летящей птицы» деген екен. Бұл таңбаның естігеніміз болмаса, көргеніміз жоқ. Бізге белгілі таңбалардан бұл таңба - V. Яғни, надандар айтатын найманның «қыран», анығында, шежіре аңыздарында Өкіреш атты бұқадан тараған деген бұқатекті халық екенімізді білдіріп тұрған «мүйіз» таңба болады. Бұл таңба да түп-тамырында Каилерлікі болады. (М. Қашғари).
Аңыздарда Жағалбайлыны Шеруші Бақат батыр тауып алған дегені, Күшлік хан қаза болған соң, Жағалбайлы руының алғашында оның қайын жұрты Хитайлардың құрамында қалғанын меңзеп тұрғандай. Осылардың арасынан шыққан Күшліктің шөпшегі деген Төленің Төле қытай атанғаны осыдан. Ғылыми айналымға енген найман шежіресінде Төлегетайдың ешқандай да Қытай деген баласы көрсетілмеген. Жоғарыда айтылғандай, Маңғолиядағы Жағалбайлыда Төлегетайдың аты еміс-еміс есте қалған екен.
Қайрат Зарыпхан, шежіреші abai.kzӨзінің тегі болмаса, біздер Кіші жүзге жатқызып жүрген Жағалбайлының Төлегетай бабада несі бар?