АЛАШОРДАНЫҢ ЖҮЗ ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ ЛАЙЫҚТЫ АТАЛЫП ӨТІЛУІ КЕРЕК
2017 ж. 29 мамыр
3371
1
Қазақ тарихында Алашорданың алар орны ерекше. Ұлт тәуелсіздігі мен демократиялық қоғам құруды мақсат еткен сол кездегі Алаш азаматтарының ерен еңбегі егеменді ел болған соң ғана ескеріле бастады. Алаштың ақ жолын таңдаған «Ақ жол» демократиялық партиясы арыстарымыздың атын қайтару мен олар атқарған еңбектерін жаңғыртып, қайта жарыққа шығару жолында үлкен жұмыс атқарып келеді. Биыл Алашорда Үкіметі құрылғанына 100 жыл толып отыр. Осы айтулы шараны ойдағыдай, жоғары деңгейде өткізу туралы Үкіметке өз ұсыныстарын білдіріп сауал жолдаған болатын. Осыған орай Мәдениет және спорт министрлігінен келіп түскен жауапты назарларыңызға ұсынып отырмыз.
«Ақ жол» Демократиялық Партиясының басшысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Депутаты А.Т.Перуашевқа
Құрметті Азат Тұрлыбекұлы! Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – министрлік) Сіздің 2017- жылғы 18 қаңтардағы Алашорда автономиясының 100 жылдығына орай жолдаған ұсыныстарыңыз бойынша тиісті мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары тарапынан тапсырма берілгенін хабарлайды. Қазіргі таңда тиісті мемлекеттік органдар, Министрліктің бағынышты ұйымдары және Астана, Алматы қалаларының және облыстық әкімдіктер Алаш Орданың 100 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес бірқатар жұмыстар жүргізуде. Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен аталмыш мерейтой аясында 2017 жылы мемлекеттік телеарналар эфирінде ақпараттық-сараптамалық хабарлар мен деректі фильмдер шығарылуда. Атап айтқанда, «Хабар» агенттігі құрамындағы телеарналарда Алаш орда ұлттық автономиясының 100 жылдығы және қазақ интеллигенциясының өмірі мен қызметіне арналған бірқатар жобалар бар. Олардың ішінде «Өмір жолы», «Тайны и судьбы великих казахов», «Өнегелі өмір» циклдері бойынша әзірленетін деректі фльмдерді ерекше атап өтуге болады. «Тайны и судьбы великих казахов» - Алаш зиялыларының қилы тағдырына арналған жоба. Әлихан Бөкейхан, Жұмат Шанин, Мұстафа Шоқай, Бейімбет Майлин, Мыржақып Дулатов, Мұхтар Әуезов сияқты көптеген алаш алыптары туралы фильмдер жасалып, эфирден көрсетілуде. «Қазақстан» ұлттық телеарнасында «Алаштың үш бәйтерегі», «Айтуға оңай» бағдарламаларына Алашорданың 100-жылдығы аясында арнайы хабар дайындалуда. Сонымен қатар, Ә. Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы мен М.Дулатовтың өмірі мен қайраткерлігіне арналған арнайы жобаларды шығару жоспарланып отыр. Сондай-ақ «Қазпошта» акционерлік қоғамы мемлекеттік таңбаларың тақырыптық шығарылу жоспарымен қарастырылған резерв есебінен Алаш автономиясының 100 жылдығына арналған пошта маркасын шығару жұмыстарын жүргізуде. «Алаш» тарихын насихаттау мақсатында 2014-2015 оқу жылынан бастап жоғары оқу орындарында педагогиқалық және гуманитарлық бағыттарындағы мамандарға «Айбатану» және «Алаштану» бойынша курстар енгізілген болатын. Бұл ретте, «Қазақстан тарихы» пәнінің қолданыстағы оқу бағдарламасыАлаш қозғалысына арналған тақырыптармен қамтылғанын атап айту керек. Білім және ғылым министрлігі атаулы ғылыми сыйлықтарын Алаш қозғалысы қайраткерлерінің есімімен бекіту туралы мәселені ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығында Атаулы сыйлықтар тағайындау комиссияның кезекті отырыстарында қаралатынын жеткізеді. Сонымен бірге, Семей қаласына Алаш атауын қайтару жөніндегі ұсыныс қала әкімдігі жанынан құрылған ономастикалық нысандарың тарихи және дәстүрлі атауларын қалпына келтіру бойынша ұсыныстары зерделеу және пысықтау жөніндегі жұмыс тобының 2017 жылғы 30 наурызда өткен отырысында қаралды. Жұмыс тобының мүшелері бір ауздан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2007 жылғы 21 маусымдағы № 351 Жарлығымен «Семипалатинск қаласы» «Семей қаласы» болып қайта аталғандығын және қала атауын «Алаш» деп өзгерту мәселесі тұрғындар арасында резонанс тудыруы мүмкін екендігін, сондай-ақ бұл саяси-мәдени мәселе үлкен зерделеу мен дайындықты қажет ететіндігін ескеріп, қаланың тарихи атауы өзгеріссіз қалдырылса деген ұйғарымға келді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Алаш» партиясының 100 жылдығына және «Алаш» ұлттық автономиясының көшбасшыларына арналған монетаны шығаруға Ұлттық Банктің Қазақстан Теңге сарайының өндірістік қуаттары жұмысының көп болуына байланысты аталған оқиғаға арналған монетаны айналысқа шығаруға мүмкіндік жоқ екенін хабарлайды. Ал, кітап шығару және атау беру мәселесі бойынша Министрлік тарапынан 13 сәуірдегі № 13-04-32/594//2-11/130-12 хаты бойынша Өзіңізге жауап берілгендігін жеткіземіз.Министрдің міндетін атқарушы А. Райымқұлова
qazaquni.kz