Ұлт ұстазына арналған драмалық қойылым өтеді
2016 ж. 30 қараша
3173
0
Астанада «Ақ жол» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы «Ақ жол - жастар» жастар қанатының әуесқой әртістерінің сомдауымен Алаш көсемдерінің бірі, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының жары Александраның (Бәдрисафа) өмірінен сыр шертетін «Азаппен өткен өмір-ай!» атты драмалық қойылымы өтеді.
Осы орайда, баршамыз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ауызбіршілігімізді білдіріп, жастарға рухани қолдау көрсетейік!
Алаштың аманатын арқалап жүрген «Ақ жол» партиясы жастарының драмалық қойылымына қатысып, Алаштың 100 жылдық мерейтойына өз үлесімізді қосайық.
Өтетін орны:
8 желтоқсан күні, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры, сағ: 18.30.
9 желтоқсан күні, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, сағ: 17.00.