Айдос Сарым: Қазақ-түрік лицейлерін "Алаш лицейлері" деп атайық
2016 ж. 31 шілде
2658
0
Саясаттанушы Айдос Сарым өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қазіргі күні қазақ-түрік лицейлерінің атауын өзгертуді ұсынды.
[caption id="" align="alignleft" width="159"] Айдос Сарым[/caption]- Қазақ-түрік лицейлері қазақтың мемлекеттік мүддесіне, болашағына істеп жатыр. Мемлекеттік стандартпен. Егер біреулердің тақиясына тар келсе, онда оларды "Алаш лицейлері" деп аталық. Алаш қазақтан да кең ұғым. Алдағы жылы Алашорданың жүзжылдығы да келе жатыр дегендей, - деп жазды А. Сарым.
Еске сала кетейік, Түркиядағы мемлекеттік төңкеріс ұйымдастыруға тырысқан бүлкішілер белгілі дінтанушы Фетхуллах Гүленнің айтағымен жұмыс істегені белгілі болды. Түркияның Президент Әкімшілігі таратқан ресми мәліметтерге сенсек, Ф. Гүлен бұған дейін де бірнеше төңкеріс жасауға әрекеттенген көрінеді. Бүгінгі таңда Гүленді Түркияға қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазақстандағы Қазақ-Түрік лицейлерін ашу да осы атышулы дінтанушының ойымен жүзеге асқан. Жақында ҚР Білім және ғылым министрлігі елімізде Қазақ-түрік лицейлері жабылмайды деп мәлімдеме жасаған болатын.
qazaquni.kz