«АҚ ЖОЛ» Ә.БӨКЕЙХАННЫҢ 150 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ПОШТА МАРКАЛАРЫН ШЫҒАРУДЫ ҰСЫНДЫ

c08LkGmg-mj1bwfnrt4wwxij6m5nvyoula2irusemu3qz9nu2da

«Ақ жол» партиясы Ә. Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы құрметіне пошта маркаларын шығару туралы ұсыныс жасады. 

2015 жылдың 2-18 қарашасы аралығында Париж қаласында өткен ЮНЕСКО Бас конференциясының 38-ші сессиясында көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының негізін қалаушы әрі жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойын атап өту туралы қаулы қабылданғаны белгілі.

2016 жылы Қазақстан Республикасында Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойын ауқымды түрде өткізу жоспарланып отыр.

Осыған орай, «Ақ жол» демократиялық партиясы «Қазпошта» АҚ-на Қазақстанның ірі мемлекет және қоғам қайраткерінің мерейтойы құрметіне арнайы пошта маркаларын шығару туралы ұсыныс жасады. Мұны «Ақ жол» ҚДП төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев «Қазпошта» АҚ-ның басшылығына жіберген хатында жария етті.

Ол сондай-ақ аталмыш ұсыныс мақұлданған жағдайда «Ақ жол» демократиялық партиясының Әлихан Бөкейхан атындағы пошта маркасының үздік дизайн-жобасына ұлттық байқау ұйымдастыруға дайын екендігін мәлімдеді.